Қостанайда көліктен құлап түскен зейнеткерді артта келе жатқан көлік басып кетті
Фото: Бейнеден кадр
Қостанай қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Алтынсарин мен Гоголь көшелерінің қиылысында бір әйелді көлік басып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Көше қиылысында бұрылып жатқан таксидің есігі кенеттен ашылып, ішінен бір адам жолға құлап түсті. Дәл сол сәтте таксидің артынан келе жатқан көліктің жүргізушісі жолда жатқан адамды байқамай басып кеткен.
Көліктің астында қалған 65 жастағы зейнеткер әйел екені белгілі болды. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, зейнеткер көліктің есігін өзі ашқан болуы мүмкін. Ол аман қалды, бірақ ауыр жарақат алған.
Бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды.
«Такси жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Әйел ауруханаға жеткізілді», деп мәлімдеді полиция.
Айта кетейік, кеше, 1 қазан күні Қарағандыда кәріз құбырын жөндемек болған екі жұмысшы топырақтың астында қалып, көз жұмған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық