Ақтөбелік әкім әуейі болғанын мойындады: Прокурор әкімді кінәлі деп тануды сұрады
Фото: Gov.kz
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр сотта жалғызбасты әйелмен әуейі болғанын растады. Прокурор әйелді «ұрды» деген әкімді кінәлі деп танып, оған айыппұл түрінде жаза беруді ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы сотында қаралып жатқан Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырға қатысты істің жарыссөзі өтті. Прокурор әкімді ҚК-тің 109-1 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 80 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза сұрады.
Сонымен қатар, жәбірленушінің азаматтық талап арызын қанағаттандыруды қолдады.
Жәбірленуші сотқа оның ұрғанын, ауруханаға барғаны рас екенін баяндап, әділ шешім қабылдауды сұрады.
Сонымен бірге моральдық шығын ретінде 500 мың теңге және қорғаушы үшін жұмсалған 300 теңгені өндіріп беру туралы азаматтық талап арыз тапсырды. Арыз қабылданды.
Сотталушы әкім өзіне тағылған айыпты мойындамады. Қорғаушысы талап арызды қанағаттандырмауды ұсынды.
«Сотталушы деген атаққа ие болдық. Бұл кісімен арада қатынас болғанына өкінемін. Отбасымның алдында қаншама зардап шегіп келе жатырмын. Ақтауды сұраймын», — деді сотта Қазбек Аққайыр.
Әкім сот кезінде өзін түсіруге қарсы болмады. Іске БАҚ өкілдері онлайн қатысты.
Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр жауап алу кезінде жалғызбасты әйелді 2024 жылдан бастап танитынын айтты. Прокурордың «Араларыңызда қыз бен жігіт сияқты қатынас болды ма?» деген сұрағына «иә» деп жауап берді.
«Сайлауға түскенде мені қолдап, парақшасына салды. Қала әкімі болып келгенде құтты болсын айтты, солай басталды. Қыз бен жігіт сияқты 1-2 рет кездестік. Иә, оны мойындаймын. Ұрып-соғудан аманмын», — деді сотталушы.
Қылмыстық іс бойынша соңғы сөз және үкім 8 қазанда өтеді. Айта кетейік, осыған дейін әкімнің жалғызбасты әйелді ұрды деген айыппен қылмыстық жауапқа тартылғанын жаздық. Іске мемлекеттік қызметкерлер және оқиға туралы контент жасауға барған блогерлер куә ретінде шақырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық