Шерзаттың соты: Тамақтарына өксік тығылған сотталушылар мейірім сұрады
Фото: Видеодан кадр
Қоғамды дүр сілкіндірген 16 жасар Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы Талдықорғанда өтіп жатыр. Сот аяқталуға таяды. Бүгін жалғасқан жaрыссөзде сотталушылар сөйледі, деп хабарлады Orda.kz.
Дархан Әскентай сөз сөйлеп, өзінің кінәсіз екенін, әрі төбелестің басталуына Қаржаубай Нұрымов өзі себепші болғанын айтып азар да безер болды. Оның айтуынша, Нұрымов баласына Әскентайға қатысты жалған ақпарат айтқан соң, оны Шерзат жұдырықпен ұрған. Равиль Сәкиев сөз басын Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадыровадан кешірім сұрап бастады. Оның айтуынша, ол Нұрғанат Ғайыпбаевты тек қана тепкен, оған пышақ салмаған. Нұрбол Тоқтаубаев жасаған әрекеттеріне байланысты кінәсін жартылай мойындайтынын айтты. Оған қоса «Хуторлықпын, денсаулықты қойып тастайсың», деген сөзді айтпағанын айтты.
«Ол түні қолымда пышақ та болмады. Шерзат Полаттың өліміне Нұрымовты күдікті деп санап оған қатысты қылмыстық іс қозғауды сұраймын. Істеген әрекеттеріме қатысты жеңіл жаза сұраймын», — деді Тоқтаубаев.
Нұрболдың інісі Азамат Тоқтаубаев сөз алды.
«Оқиға орнына барғаныма өкінемін, ол жерге ағам үшін ғана бардым. Ол түні қасақана қылмыс жасауға бармадым. Бұл маған сабақ болғанын айтқым келеді. Оған қоса отбасылық жағдайымды айтар болсам, бір жасқа толмаған балам бар», — деді Азамат Тоқтаубаев.
Келесі болып кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқақ сөйледі. Ол оқиғаға қатысы жоқ екен айтып, өзін ақтауды сұрады. Шыңғыс Белғожаев өздерінің қылмыстық топ емес екенін айтты.
«Мен ешкімді бәкінің басымен ұрмадым. Ал жасаған әрекеттерімді мойындаймын. Егер Шерзат Әскентайды ұрмағанда, Қаржаубай пышақ алып шықпағанда, Ғайыпбаев мылтықпен шықпағанда аяғы ушыққан оқиға болмас еді. Сонымен қатар, Нұрымов Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс қозғауды сұраймын. Ал азаматтық талап арызды біз тоғызымыз өмір бақи жұмыс істесек те өтей алмаймыз», — деді Белғожаев.
Нұрқияс Ілиясов өзін ол жерге бара салған сәтте-ақ Шерзат Полаттың ұрғанын айтты. Егер Ғайыпбаев мылтықпен күтіп алмағанда ондай қырғын болмайтынын атап өтіп, Шерзаттың жақындарынан кешірім сұрады. Ол да өзгелер секілді әділ жаза беруді сұрады.
Дидар Қалиахмет сөз алып, төбелесті көріп тұрып, полиция мен жедел-жәрдем шақырмағаны үшін кешірім сұрады.
Абзал Шынасыл Шерзат Полатты өлтірмегенін, істемеген істі, яғни Шерзатқа пышақ сұғуды мойнына алып қателескенін айтты.
«Мен жазадан қорықпаймын. Тек әділ жаза беруіңізді сұраймын. Шерзат Полатты өлтірген мен емес. Сонымен қатар, барша қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен ешқандай да байдың баласы емеспін, жалғыз анаммен ғана тұрамын», — деді Шынасыл.
Сонымен қатар, сотта прокурор Ержан Құрақбаев кешеден бері сотталушы тарап сұрап жатқан Шерзаттың әкесі мен анасы әрі әжесіне қатысты қаулы шығаруға еш негіз жоқ екенін айтты.
Прокурор Дана Сәрсенбай іске қатысты маңызды дәлел болған дисктің жоғалмағанын, ол тек қана істен шығарылғанын, бірақ оның стенограммасы сотта оқылғанын айтты.
Сотта сөз алған Мейірман Шекеев сотталушылардың арасынан өкініп отырған адамды көрмегенін айтты.
«Өткен сот отырысында мен Әскентайға сұрақ қойдым. «Егер сен Нұрболды шақырмағанда төбелес болар ма еді?» дегенде Әскентай: «жоқ» деді. Ендеше неге адам өлтіру фактісіне кешеден бері Қаржаубайды кінәлап отырсыздар? Бала өлді. Бірақ кеше келіп өлген баланың «тәрбиесі дұрыс емес», оған қоса «ажалы келген соң өлді» дегендей сөзді айттыңыздар. Қоғамға да бұл сөз ұнамады. Егер бүгін біз кінәлілерді жазасыз қалдырсақ, болашақта бұл тектес қылмыс қайталанбасына кім кепіл?», — деді Шекеев.
Еске сала кетсек, 2024 жылы Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық