Шерзаттың ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды
Коллаж Orda.kz
Алматы облысының полициясы 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жалғастыруда. 4 қазан күні Талғар қаласында болған төбелесте Шерзат пышақ жарақатынан қаза болды. 17 қазан күні құқық қорғау органдары тағы бір күдікті – азамат К.-ны ұстады. Бұл тергеу министрдің жеке бақылауында, деп хабарлайды Orda.kz.
Бастапқыда жеті адам ұсталып, кейін олардың саны он адамға дейін артты. Полиция мәліметіне сүйенсек, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізілуде.
«17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Полатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешенін жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция басқармасы.
Бұл шудан соң күдікті ретінде кейінірек ұсталғандардың бірінің анасы Қазакенова Лейла бейнеүндеу жасап, баласының оқиға орнында болмағанын айтты. Оның айтуынша БАҚ-та тараған 13 адам деген сөзге бола, адам санын толтыру үшін оның баласы мен досын ұстап әкетті.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Аисов 15 қазан брифинг өткізген. Ұсталғандардың кімдер екенін сол брифингте айтып берген еді.
Күні бойы күзетте отырған марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың көгерген жерлері жайлы айтқанын мына сілтемеден оқыңыз.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған бар оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады