Шалқарда құжаты жоқ мектептің ата-аналары президентке үндеу жасады
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №5 мектеп-лицейіне қатысты дау шықты. Онда құрылысы 7 жыл бұрын басталған қапсарланған ғимарат аяқталмай тұр. Ата-аналар дабыл қағып, Тоқаевтың араласуын талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Президентке бейне үндеу жасаған ата-аналар білім ордасында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын алға тартты.
Айтуларынша, №5 мектеп-лицейіндегі үш аусымды оқыту мәселесін шешу үшін 2018 жылы қапсарлатып ғимарат салу жобасы басталды. Жобаға 1,3 млрд теңге жұмсалды. Бірақ оқушы сыйымдылығы реттеу мәселесі шешілген жоқ. Сонымен 320 орындық қапсарлас ғимарат құрылысы әлі аяқталмай тұр.
«Қомақты қаражат бөлінген жаңа ғимарат толық бітпеген. Балаларға лайықты жағдайда білім алуға мүмкіндік жоқ. Ыстық тамақпен қамту шешілмеген, кәріз суының жобасы дұрыс жасалмай отыр. Дене шынықтыру залы дайын емес. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, оқу үдерісінің үздіксіз әрі қауіпсіз өтуі үшін, №5 мектеп-лицейінің жаңа ғимаратын аяқтап, пайдалануға беру мәселесін жедел шешіп беруіңізді сұраймыз», — деді ата-аналар.
Мән-жайды осы мектептің директорынан анықтадық. Ол 900-ге жуық бала құжаты жоқ, құрылысы толық аяқталмаған мектепте білім алуға мәжбүр екенін растады.
«Балалар оқып жатыр. Мектептің құжаты жоқ. Жаңа ғимараттың ішкі кемшіліктері бар. Ыстық тамақты іштен жасау мүмкін емес. Сырттан алып келіп тамақтандырып отырмыз. Дәретхана тек 1-қабатта ғана істейді, қалған 2,3-қабаттардағы дәретханадан су кетпейді. Оқушылар 1907 жылы салынған көне мектепте де отыр. 320 орындық ғимараттың оқушыны толық қамтуға күші жетпеді», — деді №5 мектеп-лицейінің директоры Әлия Әбдіғапарова.
Құрылыс басқармасының мәліметінше, нысан 2023 жылдың 26 желтоқсанында қабылданды. Пайдалануға беру барысында үнемделген 34 млн теңге бюджетке қайтарылған.
Әрі қарай мектеп мәселесі сотта қаралған. Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жаңа оқу жылында білім беру үдерісін бастауға тыйым салған. Себебі ғимарат құрылысы аяқталмағандықтан пайдалануға қабылдау актісі рәсімделмеген.
Сонымен қатар сот мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС-нен орындалмаған жұмыстар үшін 37 437 891 теңгені өндіріп алу туралы қаулы шығарды.
Айта кетейік, соңғы жылдары Шалқар аудандық әкімдігінде сыбайлас жемқорлық деректері жиілеп кеткені сотта да айтылды. Мердігерден тендердің 1 пайызын үлес ретінде сұраған аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы 6 жылға бас бостандығынан айрылды.
Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасова пара алу ісі бойынша 7 жылға сотталды.
Ол сотта аудан әкімі Жанболат Жидехановтан сотта жауап алу туралы бірнеше рет өтініш жасады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық