«Қорықпа, шығарып аламын»: Ақтөбеде сотталып жатқан шенді әкім жайлы шындықты жайып салды
Фото: Gov.kz / Жидеханов Жанболат, Садуақасова Шұға
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидехановтың есімін қол астындағы қызметкері сотта бірнеше рет атады. Мердігерлерді қорқытып, пара алды деп айыпталған шенді әкімнің тапсырмасын орындағанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасовадан сот жауап алды. ҚК-тің 366-бабы 3-бөлігінің 1,4- тармақтарымен, яғни, бірнеше рет қорқытып «пара алды» деп айыпталған қызметкер әрекеті үшін өкінетінін айтып, жылап жіберді.
«Өкінемін... Ақша түскенін мойындаймын, бірақ асыра пайдалануды мойындамаймын. Қорқытты, үркітті деген баптың бірінші бөлігімен келіспеймін, ондай болмады. Ақша игерілмесе, өзім сөгіс аламын, ол маған керек емес. Салып берші деп жүгіріп жүреміз. Жидеханов хабарласты: «қорықпа, ештеңе айтпа, ол жақтағылар әртүрлі нәрсе айтып алжастыра береді. Өзім деп айта бер, артыңнан адам алып кетпе» деді. «Өзім алып шығамын, ештеңе айтпа» деді. Антикорға арыз жазып, осы кісінің ақша алғанын, сол кісінің тапсырмасы екенін айттым», — деді сотталушы Сәдуақасова.
Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидехановтың іске тікелей қатысы бар екенін бірнеше рет меңзеді.
«Тапсырыс беруші көбіне менімен емес, әкіммен қарым-қатынас жасады. Тек аудан әкімі Жидехановпен келісетін болды. Түскен ақшаларға келер болсам, 2024 жылдың қазан айында Жидеханов мені кабинетіне шақырып алып «Ақша түсуі керек. Соны маған шұғыл әкеліп бер, бүгін маған ақша керек болып жатыр» деп айтты. Оның не ақша екенін сұрағанымда «демеушілік көмек, түске дейін әкеліп бер» деді. Бірақ ақша түспеді. Соның арасында Жидеханов маған қайта-қайта хабарласты. Түсіп болмады. 700 мың теңгеге жуық ақша түсетінін айтты. Ақшасы болмаған соң өзімде бар 700 мың теңгені апарып бердім. Ақшаны алды. Одан кейін маған мемлекеттік қызметте емес, басқа бір сенімді адам керек деп айтты. Сырттан, қаладан сұрады. Тума-туыстан ақша түсу керек, сенімді адамдар тап деді. Мен өзімнің құрбым бар екенін, Ақтөбеде тұратынын, мемлекеттік қызметте істемейтінін айттым. Сол жерде телефон нөмірін жазып бердім. Ол келісті «біреудің ақшасы еді, алып қоярсың» деді. Ертеңіне әртүрлі адамдардан бөлініп-бөлініп 5 млн теңге ақша түсті. Ол ақша әлі күнге дейін Айгүлдің Kaspi картасында тұр. Іспен танысқанда бұл Жидеханов сұраған 15 млн теңгенің қалған ақшасы екенін түсіндім», — деді сотталушы.
Қорғаушы тарап аудан әкімінен сот залында жауап алу қажеттігі туралы бірнеше рет өтініш айтты. Ақша сотталушының құрбысы арқылы түскен. Барлығы -12,5 млн теңге.
Әкімнің өзі есігінің алдына көлігімен келіп, ақшаны алып кеткен.
«Құрбымнан кімнен, қанша түскенін хабарласып сұрап отырдым. Желтоқсанның басында 2 350 000 түскенін айтты. Мен әкімге баяндадым. Ақтөбеге барғанда алармын дедім. Бірақ әкім қайта-қайта сұрады. Өзімде үйде жинап жүрген ақша бар еді. Соны бермек болдым, айттым. Телефонмен хабарласып отырып, үйдің қасына келгенін айтты. Өзіне апарып бердім. «Құрбыңмен хабарласып қоярсың» деді. Сол кезде құрбым тағы 5 700 000 теңге түскенін айтты. Бұл қаңтар айының басы болуы керек. Түскенін Жидехановқа баяндап едім: «барып әкел» деді. Ол кісі қайта-қайта сұрай берді. Ақпанда демалысқа шықтым. 10-ы күні кешке құрбым Айгүлге бардым. Айгүл ақшаны шығарып қойған, 12 500 000 теңге шығарып қойған екен. 5 млн теңгенің кімдікі екенін түсінбедім. Қайта салдырып қойдым. Есептеп, 7 500 000 теңге алып кеттім. 11-і күні Антикордың жігіттері мені көшеден алып кетті. Содан кейін ішіне барғанда түсіндім», — деді ол.
Сотта сотталушы мен Шалқар ауданы әкімі Жанболат Жидехановтың арасындағы аудиожазбаның стенограммасы оқылды. Аудиожазбаға фонографиялық сараптама жасалған. Тергеу кезінде әкімдік кеңселерінде жасырын бейнебақылау орнатылғаны айтылды.
Айта кетейік, осыған дейін Шалқар аудандық сотында әкімдіктегі жемқорлыққа қатысты іс басталғанын жаздық. Бұған дейін осы баппен айыпталған әкімдіктің екі қызметкері абақты жазасына кесілді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық