Жеті жыл жазаға кесілген Шалқар өңіріндегі шендінің көзіне жас үйірілді
Фото: gov.kz
Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасова пара алу ісі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкім жарияланған соң сот залында оның қолына кісен салынды.
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық соты Сәдуақасованың Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі, 1 және 4-тармақтарында көзделген қылмысты жасағанын дәлелдеп тапты. Ол екі мердігер компаниядан ақша бопсалағаны үшін айыпталды.
Сот шешімімен жазаны өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі деп белгіленді. Мерзім 2025 жылдың 10 қазанынан бастап есептеледі.
«Сотталушы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылсын. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылсын. Сәдуақасовадан 2 млн 250 мың теңге параның қалған бөлігі мемлекет кірісіне өндірілсін. Сонымен қатар 6 млн 500 мың теңге және оның құрбысының шотындағы 5 млн теңге сот үкімі күшіне енгеннен кейін мемлекет кірісіне аударылсын», – деді судья Сұлушаш Мұхамбетова.
Судья сонымен бірге Ақтөбе облысы әкімінің назарын аудару туралы жеке қаулы шығарды. Себебі сот барысында Шалқар ауданы әкімдігі тарапынан бақылаудың әлсіз екені анықталған.
Тергеу деректеріне сәйкес, Сәдуақасова «Дәнекер» ЖШС мен «АзияСтройПроект777» ЖШС басшыларынан ірі көлемде пара алған. «Дәнекер» ЖШС үш ауылдың — Көпмола, Жылан және Кеңдала елді мекендерінің су жүйесін жаңғырту жобасын 1,9 млрд теңгеге орындаған. Бөлім басшысы нысанды еш кедергісіз қабылдау үшін компания директорынан 5 млн теңге талап еткен.
Ал «АзияСтройПроект777» ЖШС коммуналдық үйлерге инженерлік желі тарту жобасын 115,3 млн теңгеге атқарған. Тергеу материалдарына сай, Сәдуақасова бұл компанияның басшысынан 8 млн теңгеден астам қаржы сұраған.
Сотта мердігер компания өкілдері пара беруге мәжбүр болғандарын айтты. Ал сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бірнеше рет аудан әкімі Жанболат Жидехановтан сотта жауап алу туралы өтініш жасаған.
56 жастағы Шұға Сәдуақасова — Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы. Мамандығы — құрылысшы. 2005 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келген. 2024 жылы Шалқар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалған.
Айта кетейік, соңғы жылдары Шалқар аудандық әкімдігінде сыбайлас жемқорлық деректері жиілеп кеткен. Бұған дейін аудан әкімдігінің екі қызметкері мердігерден тендердің 1 пайызын үлес ретінде сұрап, пара алу дерегімен 6 жылға сотталған. Сондай-ақ 2024 жылы аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Қази Жұмаханов мектеп пен балабақша басшыларынан ақша жинағаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алған.
Жаңалықтар
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті
- Алматыда үш әйелі бар екенін жарияға жар салып жүрген ер адам жауапқа тартылды
- Венесуэланың бұрынғы президенті Мадуроға қатысты сот 2027 жылы басталады
- Қазақстан байланыссыз қалуы мүмкін: Үкімет жаңа спутникке он млрд бөлді
- Вашингтон мен Эр-Рияд келісімі: АҚШ тағы да бұрынғы қатесін қайталап жатыр ма?
- Ұмыт болған дәстүр қайта жаңғырды ма? Күйеу баланың үш рет тәжім етуі
- Жол апатынан тоғыз жасар бала қаза тауып, үш адам жарақат алды