Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған әкімнің орынбасары абақтыға қамалды
Коллаж: Orda.kz
Сот Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сот залында қамауға алуды бұйырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Шалқар аудандық сотында әкімдіктің лауазымды қызметкерлеріне қатысты үкім шықты. «Пара алу» бабымен айыпталған қос шенеунік жазаны абақтыда өтейді.
Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбетке ҚК-тің 366 бабы 3 бөлігінің 1,2 тармағы бойынша тағылған айып дәлелін тапты. Параны адамдар тобының сөз байласуымен қорқытып алған. Әкімнің орынбасары мердігерден ұтқан тендер ақшасынан 1% пара алғанын мойындады.
Ал аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаев ҚК-тің 366 бабы 3 бөлігі 1,2,4 тармағы бойынша айыпталды. Ол адамдар тобымен сөз байласып, бірнеше рет қорқытып пара алған. Екеуі мердігерден жалпы сомасы 2,5 млн теңге пара алды.
«Алтынбай Беркімбаев Қылмыстық кодекстің 366 бабының 3 бөлігі 1, 2, 4 тармақтарымен кінәлі деп танылсын. Одан 1,5 млн теңге мемлекет пайдасына тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде, оның ведомстволарында, қаржы ұйымдарында уәкілетті органдарда, квазимемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру мен 6 жыл мерзімге бас бостандығанан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленсін. Бектұрған Зайрымбет 366 бабының 3 бөлігі 1, 2 тармақтарымен кінәлі деп танылсын. Одан 1 млн теңге мемлекет пайдасына тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, судья қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде, оның ведомстволарында, қаржы ұйымдарында уәкілетті органдарда, квазимемлекеттік сектор субьектерінде лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыру мен 6 жыл мерзімге бас бостандығанан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленсін», —деді судья.
Әкімдік қызметкерлерінің қолына сот залында кісен салынды.
Сот барысында судьяның «Пара алуға басқа адамдардың ықпалы болған жоқ па? Алып, бізге әкеліп бер деген басқа сіздерден лауазымы жоғары тұрған адамдар бар ма?» деген сауалына сотталушылар «жоқ» деп жауап берді.
Сотта тергеуде қылмыстық жолмен табылған ақшаға сатып алу анықталмағандықтан мүлкі тәркіленбейтіні айтылды. Сотталушылар соңғы сөзде әрекеттері үшін кешірім сұрады. Өкінетінін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұрап, айыппұлды төлеуге дайын екендерін айтқан еді. Оған шамасы жететінін, депозитте қанша ақшалары барын да айтты.
Қорғаушымен қазіргі уақытта Беркімбаевтың есепшотында 29 млн теңге, Зайрымбеттің депозитінде 12 млн теңге бары жарияланды.
Еске салайық, Шалқар ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері мердігер жұмысының сапасын тексермеу, жұмыстарды қабылдау кезде кедергісіз бекіту үшін ақы алғандарын мойындады. Олар биыл 13 қаңтарда тендерден 228 224 506 теңге ұтқан «Ел даму ырыс» ЖШС-нен 1% сұрап, бөліп алған. Ал бөлім басшысы басқа мердігерден тағы бөлек 200 мың теңге алған.
Айта кетейік, Шалқар аудандық соты 2024 жылы тағы бір әкімдік қызметкерін соттады. Шалқар аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Қази Жұмаханов мектеп директорлары мен балабақша меңгерушелерінен ақша жинап, жеке мақсатқа пайдаланған еді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Қазақстан мен Гонконг қаржы ұйымдары арасында тікелей көпір қалыптаса бастады
- Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 39,3% акциясын сатып алды
- Атырауға келген Қуат Хамит айыппұл арқалап, ол қатысқан жарыста төбелес шықты
- Балқашта кафеде атыс болып, даяшы қыз жараланды
- Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша үш қылмыстық іс тергеліп жатыр
- Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтарды тексереді
- Қарағандыда Lada жүргізушісі 20 жастағы қызды қағып, ол оқиға болған жерде қаза тапты
- Астана қалалық ауруханасында медбикеден туберкулёз анықталды
- Германияның солтүстігінде алғаш рет өлімге әкелетін борна вирусы тіркелді
- Вашингтондағы Ақ үй маңында атыс болды
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік соңғы кезеңге жетіп қалды
- Жамбыл облысындағы шопан 42 жасында алғаш рет жеке куәлік алды
- Тоқаев Қытайдағы шахтадағы қайғылы оқиғаға қатысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
- Әлеуметтік желідегі қандай пікірлер үшін нақты жаза тағайындалуы мүмкін?
- АҚШ грин-карта алу ережелерін қатаңдатты, өтініш беру үшін шетелдіктер елден шығуы тиіс
- Лионель Месси долларлық миллиардер атанды
- Зеленский: Украина Еуроодақтың «қауымдастырылған мүшесі» болмайды
- Алматыдағы Моттың концертіндегі шу: Бишілер рэпермен сахнаға шықпай қойды
- Әзербайжан туын жерден көтеріп орнына қойған оқушы екі елдің сүйіспеншілігіне бөленді
- Астанада екі пәтерді жалға алып есірткі дайындаған адам ұсталды