Семейде балағат сөз қолданған стендап-блогер қамалды
Фото: Абай облысы ПД
Семейде балағат сөз қолданған стендап-блогер 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылғы 22 қараша күні кешкі сағат 21:00 шамасында Семей қаласының мейрамханаларының бірінде өткен стендап-шоу барысында жергілікті блогердің көпшілік алдында бейәдеп сөздер қолданғаны белгілі болды. Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып, қоғамдық пікір қызу талқы тудырды.
Полиция қызметкерлері жарияланған видеоматериалды зерделеп, аталған азаматты қоғамдық орында бейәдеп тіл қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сот әкімшілік істі қарау барысында оның кінәсін анықтап, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады.
Еске сала кетсек, Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары тағы да аукционға шығарылды.
Айта кетейік, кеше «Орда» редакцияның Алматы мен Астанадағы кеңселерінде, сондай-ақ бас редактордың үйінде тінту жүргізілді. Бас редактор Гүлнәр Бажкенованы сотқа дейін 2 айға үйқамаққа қамады. Қазақстан Журналистер одағы 274-баптың белсенділер мен журналистерді қудалайтын тетікке айналғанын атап өтіп, бұл бапты алып тастау қажет екенін айтты. Журналистер одағының Гүлнәр Бажкеноваға қатысты мәлімдемесін мына сілтемеден оқыңыз. Ал құқық қорғаушы Галым Агелеуов «Дождь» телеарнасында Гүлнәр Бажкеноваға қарсы қозғалған істердің саяси тапсырыс екенін ашық айтты.
Қадірлі оқырман, Orda.kz ары қарай ақпарат таратуын жалғастырады. Әлеуметтік желілеріміз бен сайтымыздан елдегі жаңалықтарды оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық