«Бұл бапты алып тастау қажет»: Журналистер одағының Гүлнәр Бажкеноваға қатысты мәлімдемесі
Фото Гүлнәр Бажкенованың Instagram парақшасынан
Қазақстан Журналистер одағы құқық қорғау органдарын еліміздің заңдарын, ең алдымен, кінәсіздік презумпциясын сақтауға шақырып, кеше 2 айға үйқамаққа қамалған Orda.kz сайтының бас редакторына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше, 1 желтоқсан «Орда» редакцияның Алматы мен Астанадағы кеңселерінде, сондай-ақ бас редактордың үйінде тінту жүргізілді. Құқық қорғау өкілдері редакция адвокаттарын ғимаратқа кіргізбей қойды. Күндіз полиция «Орданың» шеф-редакторын, алматылық редакцияның шеф-редакторын, шығарушы редакторды және есепшіні тергеуге алып кетті. Қызметкерлердің телефондарын тәркіледі.
Ал кешке бас редактор Гүлнәр Бажкенованы сотқа дейін 2 айға үйқамаққа қамады.
Журналистер одағы 274-баптың белсенділер мен журналистерді қудалайтын тетікке айналғанын атап өтті.
«Қылмыстық кодекстен 274 бапты («Көрінеу жалған ақпарат тарату») алып тастау қажет. БАҚ пен журналистердің қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіне отырып, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа 274-бапты азаматтық-құқықтық қатынастар санатына ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Жалған не жала жабу сипатындағы ақпарат таралды деген тұлғалар немесе ұйымдар өз беделін тек азаматтық-құқықтық қатынастар аясында ғана қорғауы тиіс. Аталған бап журналистер мен белсенділерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың әмбебап тетігіне айналды», — деп мәлімдеді Журналистер одағы.
Журналистік қауымдастық тергеу органдарынан Гүлнәр Бажкенованың ісін жан-жақты, объективті және бейтарап тексеруді сұрайды.
«Журналистер одағы әріптестерін ақпаратты дайындау және таратуға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Жалған ақпарат таратуға қатысты жекелеген жағдайлар еліміздегі бүкіл журналистік қауымдастыққа көлеңке түсіреді», — деді Журналистер одағы өз мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Қазақстан Журналистер одағы – журналистер қауымдастығының 6000 мүшесін біріктіретін еліміздегі ең ірі шығармашылық бірлестік.
Еске сала кетсек, кеше құқық қорғаушы Галым Агелеуов «Дождь» телеарнасында Orda.kz жайлы сөз сөйледі. Ол Қазақстанда журналистерге еркіндік жоқ екенін атап өтіп, Гүлнәр Бажкеноваға қарсы қозғалған істердің саяси тапсырыс екенін ашық айтты. Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») мен 174-бабы («Араздық қоздыру») Қазақстанда тәуелсіз журналистер мен блогерлерге қысым көрсету құралына айналған. Ол бұл істерді марқұм Айдос Садықов пен Мұрат Нұртілеуге қатысты Orda.kz жасаған материалдармен байланыстырды.
Қадірлі оқырман, Orda.kz ары қарай ақпарат таратуын жалғастырады. Әлеуметтік желілеріміз бен сайтымыздан елдегі жаңалықтарды оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық