«Қазақстанда журналистерге еркіндік жоқ»: Галым Агелеуов «Дождь» телеарнасында Orda.kz жайлы сөз сөйледі
Фото: Бейнеден кадр
«Дождь» телеарнасының жаңалықтар қызметі Orda.kz редакциясына қылмыскерлерді ұстауға келген адамдай әрекет еткен қарулы күштердің ешқандай қаулысыз тінту жүргізіп, журналистерді ұстап, департаментке әкеткені туралы хабарлады. Мәскеу уақытымен 15:00-де (Астана уақытымен 17:00-де) шыққан күндізгі жаңалықтарда арна тілшілері әскери формадағы адамдардың редакция кеңсесіне баса-көктеп кіргенін, журналистерді ұстап әкеткенін мәлімдеді.
Тілшілердің айтуынша, Orda.kz сайтының бас редакторы әрі негізін қалаушы Гүлнәр Бажкеноваға бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Тергеу оны жалған ақпарат таратты деп күдіктеніп отыр.
Эфирге «Либерти» қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Галым Агелеуов шақырылды. Ол ең алдымен тінту жүргізгені және ұстап әкеткені Orda.kz-тің бұрынғы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен «Қорғасты» ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды деген Гаджи Гаджиев туралы жариялаған материалдарымен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.
«Гүлнәр Бажкенова мен „Орда“ сол кезде сыртқы істер министрі қызметін атқарып отырған Мұрат Нұртілеудің аты аталған оқиғаларды, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кеден шекарасы – Қорғасқа байланысты ақша айналымы мен бақылау мәселелерін ашық жазып келді», – деді құқық қорғаушы.
Галым Агелеуов сондай-ақ редакцияға қысымды күшейтуге себеп болуы мүмкін екінші маңызды жайтты атады. Оның сөзінше, Киевте қаза тапқан қоғам қайраткері Айдос Садықовқа қатысты іс осыған түрткі болған.
«Гүлнәр Бажкенова мынадай мәселелерді көтерді: неге кісі өлтірді деп күдікке ілінген арнайы қызмет қызметкерлері әлі тергелмеген? Егер тергелсе, олардың жауаптары неге қоғамға жарияланбады? Украина тарабы жүргізген тергеуге неге бұл материалдар берілмеді?» – деді ол.
Құқық қорғаушының сөзінше, Гүлнәр Бажкеноваға қарсы қозғалған істер саяси тапсырыс, ал Қылмыстық кодекстің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») мен 174-бабы («Араздық қоздыру») Қазақстанда тәуелсіз журналистер мен блогерлерге қысым көрсету құралына айналған.
«Бұйрық беретін президент әкімшілігі барлық медианы өз бақылауына алды. Олар журналистер „қызыл сызықтан“ аттап кетпеуі үшін қолдарынан келгенді жасап жатыр. Бүгінде Қазақстанда журналистерге еркіндік жоқ. Сайлау кезеңі жақындап келеді, билік бар ақпарат алаңын бақылауға тырысуда. Ең қиыны — цензура күшейді, Конституцияның 20-бабы („Сөз және шығармашылық еркіндігі, цензураға тыйым“) орындалмай отыр. Журналистер мен блогерлердің аузына қақпақ қойып жатыр», – деді ол.
Кеше таңертең қарулы күштер Orda.kz кеңсесіне басып кірді. Ешқандай қаулы көрсетпестен, қорғаушыларды кіргізбей, журналистерді тінтіп, жауап алу басталды. Адвокаттардың айтуынша, СОБР қызметкерлері қорғаушыларды ғимараттан күштеп шығарып жіберген.
Күні бойы редакция қызметкерлерімен хабарласа алмадық. Журналистер тергеушілердің дөрекілік көрсеткенін айтты. Оларға тамақ беруге тыйым салынып, туыстарымен сөйлесуге де бес сағаттай мүмкіндік берілмеді. Ал кешке бас редактор Гүлнәр Бажкенованы сотқа дейін 2 айға үйқамаққа қамады.
Айта кетейік, Қазақстан Журналистер одағы 274-баптың белсенділер мен журналистерді қудалайтын тетікке айналғанын атап өтіп, бұл бапты алып тастау қажет екенін айтты. Журналистер одағының Гүлнәр Бажкеноваға қатысты мәлімдемесін мына сілтемеден оқыңыз.
Қадірлі оқырман, Orda.kz ары қарай ақпарат таратуын жалғастырады. Әлеуметтік желілеріміз бен сайтымыздан елдегі жаңалықтарды оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық