Сарыөзекте 19 жасар сарбазды өлтірген офицер 7 жылға сотталды
Фото: Бейнеден кадр
Алматы гарнизонының әскери соты қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін офицер Жанбота Шәкіровті кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл қылмыс 19 жастағы Досымжан Сәлімжанның өмірін қиды. Жас сарбазды Құлсарыдан Жетісу облысының Сарыөзек ауылындағы № 29108 әскери бөліміне әскерге жіберген болатын. Оның денесінде ұрып-соғу іздері байқалғаннан кейін, сарбазды госпитальге жеткізген, бірақ ол он күн өткен соң көз жұмды.
Айыптаушы тарап Шәкіровтің әрекеті сарбаздың өліміне алып келді деп мәлімдеді. Сот залында марқұмның анасы Ардақ Имамғалиқызы офицердің қатаң жазаланғанын талап етті.
Алайда айыпталушы кінәсін мойындамай, оқиға туралы прокурорларға өзі хабарлағанын айтты.
Офицердің мойындамағанына қарамастан, сот оны лейтенант шенінен және жеті жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.
Бұл жайлы қоғам белсендісі Ринат Рафхат жазба қалдырды:
«Бүгін, әскердегі әлімжеттік салдарынан ауруханаға түсіп, 10 күннен кейін көз жұмған жас сарбаз Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша айыпталған лейтенант Шәкіров ҚК 451-бап «Билiктi асыра пайдалану» 2-тармағымен 7 жыл бас бостандығынан айырылды», деп мәлімдеді Ринат Рафхат.
Еске сала кетсек, Orda.kz Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген отбасына баланың мүрдесі қайтқанын жазған болатын.
Ал 19 қыркүйекте Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесі өзінің тұрғылықты жерінен табылды.
Ал 9 қыркүйекте міндетті мерзімді әскери қызметті жоюға шақыратын петиция жарияланды. Ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жолданып, жақында болған әскерилердің қайғылы оқиғаларына байланысты көтеріліп отыр.
Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі бейбіт уақытта әскерилердің қазасы мен әскердегі әлімжеттік туралы қоғамдағы пікірлер шындыққа жанаспайды деп есептейді.
Еске сала кетсек, Orda.kz әскерден жарымжан болып қайтқан Ербаянның жақындарымен сұхбаттасқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық