«Ақтаудағы сарбаздың өлімі»: Марқұмның әкесі сотты ашық өткізуді сұрады
Коллаж Orda.kz
Orda.kz Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген отбасына баланың мүрдесі қайтқанын жазған болатын.
Қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министріне ашық хат жолдап, ұлының өліміне қатысты істі мұқият әрі тәуелсіз тергеуді талап етті. Ол куәгер болған сарбаздардың қысымға ұшырағанына және қорқып отырғанына алаңдағанын айтты.
«Байқағаным, баламмен қызметте болған жігіттер қорқып қалған. Осы оқиға туралы сөз қозғаса болды, көздерін тайдырып әкетеді. Оларды кімнің, қалай қорқытқаны белгісіз», — деді әкесі.
Ол қолында сол күнгі оқиғаларды сипаттаған сарбаздардың бейнежазбалары бар екенін айтты.
Әкесінің айтуынша, ұлын палатка ішінде офицер атып өлтірген:
«Офицер ұлыма қаруын көздеп, алдымен шүріппені басқан, бірақ дыбыс шықпаған. Содан кейін қайта оқтап, тағы да көздеген», — деп баяндады ол.
Әкесі бұл істің қоғам алдында ашық әрі әділ түрде жүргізілуін талап етіп, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот процесіне ұқсас сот өткізуді сұрады. Ол осылайша жұрт істің әділдігіне көз жеткізе алады деп үміттенеді.
Еске сала кетсек, міндетті мерзімді әскери қызметті жоюға шақыратын петиция жарияланды. Orda.kz Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген, артынша мәйіті ғана қайтқанын айтып ашынған әке жайлы жазды. Сондай-ақ, тілшіміз әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтардың жақындарымен сұхбаттасқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық