Сарыағашта «бала зорланды» деген ақпарат тарады

cover

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «балаға зорлық-зомбылық жасалды» деген ақпарат тарады.

Полиция мен жергілікті әкімдік оқиғаны Orda.kz журналисіне растады.

Оқиға аудандағы ауылдардың бірінде болған. Полицияғы арызды баланың анасы жазған.

Бейресми мәліметке қарағанда, «зорлық көрген бала» - 5-сынып оқушысы. Күдікті - көрші ауылдың тұрғыны.

Оқиғаға байланысты күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қылмыстық кодекстің «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен (121-бап) қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Дилара Иса, Шымкент қаласы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар