ӘЧ-2026: Роналду, Месси және Мбаппе — Forbes тізіміндегі бестіктің табысы қанша?
Forbes 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ең жоғары жалақы алатын футболшылардың тізімін жариялады. Рейтингке алғаш рет Өзбекстан құрамасының қорғаушысы да енді, деп хабарлайды Orda.kz.
Турнир қарсаңында Forbes ең көп табыс табатын ойыншыларды анықтады, тізімнің көшін Криштиану Роналду, Лионель Месси, Килиан Мбаппе, Эрлинг Холанд және Винисиус Жуниор бастады. Рейтингтегі негізгі құрамның («он бірлік») бір жылдық жалпы табысы шамамен 950 миллион долларға жеткен.
2026 жылғы әлем чемпионаты тек алаңда ғана емес, оның сыртында да рекорд жаңартуда. Жақында FIFA Нью-Джерсидегі MetLife стадионында өтетін 19 шілдедегі финалға билетті 32 970 долларға бағалады.
Бұл сәуір айындағы бастапқы сатылыммен салыстырғанда үш есе қымбат және 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионаты финалының билетінен 20 еседен астам жоғары. Қайта сату нарығында бағалар одан да жоғары: сәуірде FIFA-ның ресми платформасында финалға арналған төрт орынның әрқайсысы шамамен 2,3 миллион долларға ұсынылған.
Осындай ірі қаражатқа әлемдік футбол жұлдыздарының әрқайсысының бәсін көтеретіні анық. Ал енді осы футбол жұлдыздарының табысын саралап көрейік.
Криштиану Роналду әлемдегі ең жоғары табыс табатын футболшы болып қала береді. Соңғы 12 айда 41 жастағы Португалия құрамасының шабуылшысы шамамен 300 миллион доллар тапқан.
Оның ішінде 235 миллион доллар — алаңдағы табыс, ал 65 миллион доллар — жарнама, бизнес және басқа жобалардан түскен кіріс.

Роналду тек футболшылар арасында ғана емес, барлық спорт түрлері бойынша да ең көп табыс табатын спортшы болып төртінші жыл қатарынан көш бастап келеді.
Сонымен қатар, ол мансаптық табысы 2 миллиард доллардан асқан жалғыз белсенді спортшы. Forbes оның жалпы байлығын 1,2 миллиард доллар деп бағалайды.
Роналду үшін 2026 жылғы әлем чемпионаты мансабындағы алтыншы турнир болмақ. Алайда ол әлі күнге дейін бұл турнирдің басты жүлдесін жеңіп көрмеген.
Екінші орында — Лионель Месси. Аргентина құрамасының капитанының бір жылдық табысы 140 миллион доллар деп бағаланады.
Мессидің табысы тең бөлінген: 70 миллион долларды ол алаңда тапса, тағы 70 миллион долларды коммерциялық жобалардан алған. Ол да жақында Forbes миллиардерлер тізіміне енді. Оның байлығы шамамен 1,1 миллиард доллар.
Месси үшін де бұл — алтыншы әлем чемпионаты. Аргентина 2022 жылғы титулын қорғауға тырысады.
Сонымен қатар, ол турнирдің басты жарнамалық тұлғаларының бірі болып қала береді: Adidas және Michelob Ultra жобаларына қатысады.
Үшінші орында — Килиан Мбаппе. Франция құрамасының 27 жастағы шабуылшысы жылына шамамен 95 миллион доллар табыс табады. Оның 70 миллионы — футболдан, ал 25 миллионы — жарнамалық келісімшарттардан түскен.
Мбаппе Месси мен Роналду дәуірінің басты мұрагерлерінің бірі саналады. Ол 2018 жылы әлем чемпионы атанып, 2022 жылы финалға дейін жеткен.
Айта кетерлігі, ол әлем чемпионаттарындағы үздік сұрмергендер тізімінде Мессиден небәрі бір голға ғана қалып отыр.
Төртінші орында — Эрлинг Холанд, жылдық табысы шамамен 80 миллион доллар. Оның 60 миллионы — алаңдағы табыс, ал 20 миллионы — алаңнан тыс кірістер.
Норвегия құрамасы 1998 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатына қатыспақ. Бұл Холанд үшін ерекше турнир.
Бестікті Винисиус Жуниор түйіндейді. Бразилия құрамасының және «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы жылына 60 миллион доллар табыс табады. Оның 40 миллионы — футболдан, ал 20 миллионы — жарнама мен коммерциялық келісімдерден.
Абдуқодир Хусанов — Өзбекстанның жалғыз өкілі. Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов та Forbes тізіміне енді. Ол рейтингте 38-орынға тұрақтаған. Оның жылдық табысы — 6,2 миллион доллар, оның 5 миллионы жалақы мен бонустар болса, 1,2 миллионы — жарнама және демеушілік келісімдер.
Оның серіктестерінің қатарында Puma бар, сондай-ақ ол энергетикалық сусындар брендін дамытып келеді.
Бұл — өзбек футболы үшін маңызды жетістік. Хусанов әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен бір тізімде тұр. 2026 жылғы әлем чемпионаты үлкен қаржылық турнирге айналуда. Финал билеттері ондаған мың доллар тұрады, ал футболшылардың табысы үздіксіз өсуде.
Роналду мен Месси турнирге миллиардер мәртебесінде келсе, Мбаппе, Холанд және Винисиус жаңа буын супер жұлдыздары ретінде көзге түсіп отыр.
Ал Хусановтың бұл тізімге енуі Орталық Азия футболшыларының да әлемдік футбол экономикасында өз орнын таба бастағанын көрсетеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық