Резонанстың буымен Хасанды соттағалы отыр — адвокаттар
Фото: Orda.kz
Қазіргі уақытта Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және басқа да тұлғаларға қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Хасанның қорғаушылары мен жұбайы Зульфия Қасымбаева және белсенді Қуат Ауғанбек сот барысындағы заңсыздықтармен әділетсіздіктерге қатысты БАҚ өкілдері бейтарап ақпарат таратуы үшін баспасөз мәслихатын өткізді.
Orda.kz тілшісі жиынға қатысып қайтты.
Қорғаушы Ерлан Мендешовтің айтуы бойынша «резонанстың буымен еш дәлелсіз Хасан істі болып отыр». Оның сөзінше істе ешқандай дәлел жоқ, тек жәбірленушінің айтуымен ғана қылмыстық іс қозғалды.
«Іс ашық түрде қаралып жатыр. Бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы қорғау тарапына сотқа дейінгі тергеу материалдарын жариялауға тыйым салған болатын, бірақ қазіргі таңда бұл шектеулер алынып тасталды. Осыған байланысты қорғаушылар тергеу барысында облыстық полиция департаменті мен прокуратура органдары тарапынан болған қылмыстық-процестік заңнаманың жаппай бұзушылықтары туралы жариялауды көздеп отырмыз», — деді қорғаушы Ерлан.

Қорғау тарапының пікірінше, қазіргі уақытта сот процесі сотқа дейінгі тергеу кезеңінде болған дәрежеде жария түрде көрсетілмей отыр. Ол бұл жағдайды жәбірленушілердің жеке материалдарының жария болмауына байланысты деп есептейді.
«Хасанды айыптап отырған жәбірленуші Арман Әлімов «Француз үйі» инкассаторына шабуыл жасағаны үшін сотталған, бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ есірткі таратқаны үшін күмәнді жағдайда ақталған. Сонымен қатар ол Талғар қаласында жастарға анаша сатқан», — деді белсенді Қуат Ауғанбек.

Қорғаушылар мен белсенді азамат мұның жай ғана сөз емес екенін және дәлелдерінің бар екенін айтып, құжаттарын тілшілерге көрсетті.
«Алмалы аудандық соты Талғар ауданында болған ірі қылмыстың жай-жапсарын анықтап, айыпталушыларға қатысты үкім шығарды. Бұл оқиға 2008 жылдың қаңтар айында болған еді. Сотталушылар, Арман Әлімов Қуатұлы және Ерлан Мамырқанов Байжанұлы ірі ұрлық жасағаны үшін айыпталды. Олар 9 миллионнан астам теңгені ұрлап, кейін оны бөлісіп алған», — деді белсенді.

Оқиғаның мән-жайы айта кетсек, 2008 жылы 20 қаңтарда Әлімов Алматы қаласында орналасқан «Бьюти-Мания» дүкеніне келген «Французский дом BSB» инкассаторын күтіп тұрған. Ол бұл операцияны алдын ала жоспарлап, дүкеннің кассасынан шығарылған ақшаны тартып алу мақсатында газ баллонын қолданған. Газ баллонын пайдаланып, ол 9 миллионнан астам теңге ұрлап, қашып кеткен. Қылмыс туралы хабардар болған Мамырқанов пен Сағынаевқа Әлімов ұрланған ақшаны көрсетіп, бұл жайлы жұмған аузын ашпау жайлы уәдесін алды. Олардың әрқайсысына 500 мың теңге мен 1 миллион теңге берілді.
Сот Әлімовті 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуге шешім қабылдады. Ал Мамырқановтың жазасы 1 жылға шартты түрде тағайындалып, ол жазасын тексеру кезеңімен өтейтін болады. Сонымен қатар, сот Әлімов пен Мамырқановты жалпы 9 миллион теңгеден астам қаражат ұрлап, бөліскені үшін жауапты деп тауып, оларды барлық ақшаны «Французский дом BSB» ЖШС-ге төлеуге міндеттеді.
Қасымбаевтың туыстары мен қорғаушылары бұқаралық ақпарат құралдарын сот процесін бейтарап жариялауға шақырады.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы 4 қазанда «Қамажай» дүкенінде болған жанжалда Шерзат Полат қаза тапты. Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Осы істен кейін Хасан Қасымбаевтың аты аталып, оны «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың басшысы деген сөз тарады. Бұл жағдайдан кейін Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Хасан Қасымбаевтың бауыры Аслан Қасымбаев жұмыстан босатылды. Ресми сот кабинеті дерегіне сүйенсек, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев бұған дейін «адам өлтіру» бабымен істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевті қасақана өлтірді деп айыпталған. Ал ІІМ «хуторлық» қылмыстық топ жайлы сөз бұрқ ете қалғанда-ақ ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Хасан Қасымбаев: «менің арым таза, заң бұзған жоқпын» деген еді. Алайда 4 қараша күні ол қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды. Тергеу шілде айында аяқталды. 29 шілдеде прокуратура айыптау актісін бекітіп, істі сотқа жіберді.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты