«Резонанс үшін сотталды»: Шерзаттың ісіндегі айыпталушы тарап аппеляциялық соттың ашық өтетінін айтты
Фото: Orda.kz
Қоғамда үлкен резонанс тудырған «Шерзат ісі» әлі де жалғасын тауып жатыр. Сот аяқталып, айыпталушылар бас бостандығынан айырылса да, адвокаттары сот үкімімен келіспей, БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Олардың айтуынша, сот қоғамда бұрқ ете қалған резонанстың буымен өтіп, сотталушыларға әділетсіз жаза тағайындалған.
Orda.kz тілшісі баспасөз мәслихатына барып, айыпталушылардың сот үкіміне қатысты қандай уәждері бар екенін анықтап қайтты.
Баспасөз мәслихатында 20 жылға сотталған Равиль Сәкиевтің қорғаушысы Мәди Бөленбаев сөз бастады. Оның айтуынша, соттың сараптамалық ісінде Сәкиевке қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы қандай да бір айғақтар анықталмаған.
«Мемлекеттік айыптаушы Ғайыпбаевтың соңғы жауабында нақты өзіне 3 рет пышақ жарақатын салған Шынасыл Абзал екені айтылды. Равиль Сәкиевтің қолында пышақ емес, тек сынған бөтелке болғаны туралы жауап берген», – деді адвокат Мәди Бөленбаев.

«Біз осы іс бойынша, азаматтық талаптың шығарған шешіміне келіспейміз. Өйткені жәбірленушілердің өкілдері тарапынан шыққан талап-арыздарға ешқандай да сенімхат жоқ. Яғни, жәбірленуші тараптың талап қою өкілеттігі бар ма, жоқ па бұл процестік талапқа сәйкес қараусыз қалған деген сөз», – деді адвокат.
Адвокаттың сөзінше, жарыссөзде Сәкиев тек Ғайыппаевқа ғана қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жағанын ғана көрсеткен. Яғни, адвокаттың айтуынша төбелес кезінде Шерзат Полатқа Сәкиевтің қолының ұшы да тимеген. Ал ол туралы қандай да бір дәлелдер айыптау тарапынан ұсынылмаған.
Ал Дидар Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханованың айтуынша, Ғайыпбаевтың айтқан 4-5 сөйлем сөзіне сүйеніп қана Дидар Қалиахметті соттап отыр.
«Сол далада болған және дүкен ішінде болып отырған оқиғаның уақыттары екі бөлек. Яғни, Дидар дүкеннің ішінде тұрса, далада тұрған адамды қалай ұрады?.. Мен соттың шешімімен келіспеймін және ол заңсыз шығарылған. Тек халық арасындағы резонанс болған соң ғана шығарылды деп есептеймін», – деп жауап берді адвокат Гаухар Баймұханова.
Сондай-ақ, адвокат әлеуметтік желіде тараған Нұрғанат Ғайыппаевтың өлімі және үйдің өртенуі қылмыстық іске ешқандай да қатысы жоқ екенін айтты.
«Яғни, біздің қорғауымыздағы адамдар 2 бірдей өлім мен үйдің өртенуі туралы халықтың жазған пікіріне бола осындай үлкен мерзімге сотталып отыр», – деп сөзін аяқтады Дидар Қалиахметтің адвокаты.
23 жылға сотталған Шынасыл Абзалдың адвокаты Жұмат Әбенов Шерзатқа салынған пышақ бойынша сарапшыларды тағы да шақыртып жатқанын айтты.

«Қаржаубайдың жүріс-тұрысы мен жасаған қылықтарына тергеу ешқандай да баға бермеді. Себебі ол кісінің камерада асхана пышағымен жүргені көрініп тұр. Ал экспертизада кішкентай пышақ болды. Не себепті ол кісі оқиға болған кездегі пышақты бермегені туралы жауап ала алмадық», – деді адвокат.
Жұмат Әбеновтің сөзінше, барлық келіспейтін тұстарын аппеляциялық сотта айтатындарын және олармен жұмыс істейтінін айтты. Ол қазір Шынасыл Абзалдың анасы еден жуушы болып жұмыс істейтінін, үй жалдап тұратынын, ал ұлы түрмеде жазасын өтеп отырғанын еске салды.
Сондай-ақ, Азамат Тоқтаубаев пен Нұрбол Тоқтаубаевтың адвокаты Гүлмира Бабажанова да шыққан үкіммен келіспейтінін және аппеляциялық соттың әділ өтетініне сенетінін мәлімдеді.
Дархан Әскентайдың адвокаты Мәулен Ержановтың сөзінше, ол сот процесі кезінде жәбірленушілерден қосымша тағы да жауап алу туралы өтініш хаттар жібергенімен онысы қанағаттандырылмай қалған.
«Фото-техникалық сараптама қорытындысы бар. Ол жерде Дархан Әскентайдың ерегіскен жігіттерді ажыратып жатқаны және өзінің де соққы алып жатқаны бар. Алайда бұл жерде Дархан Әскентайдың қылмыстық ісін растайтын бірде-бір дәлел жоқ. Сонымен қатар ол басқа сотталушыларды танымайды және араласпайды да», – деді адвокат Мәулен Ержанов.
Сөз соңында баспасөз мәслихатына жиналған адвокаттар аппеляциялық соттың да ашық өтетінін айтты.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. 9 желтоқсан күні таңертең Талғардың шетінде қайтыс болған жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Еске сала кетейік, екінші «Шерзат ісі» деп танылған Жезқазғандағы Медет Исламның ісі бойынша айыпталушыларға сот үкімі шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық