Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
Фото: Pixabay.
Ресей аумағында WhatsApp мессенджері мен YouTube видеохостингі бұғатталды. Қазіргі уақытта бұл сервистерге VPN-сіз кіру мүмкін емес, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, платформалардың домендік атаулары Ұлттық домендік атаулар жүйесінен алынып тасталған. Соның салдарынан ел ішіндегі пайдаланушылардың құрылғылары тиісті IP-мекенжайларды ала алмай, сервистерге қосыла алмай жатыр.
Ресейлік сарапшылардың айтуынша, шектеу шаралары техникалық себептермен де байланысты болуы мүмкін. Роскомнадзордың инфрақұрылымы бір мезгілде бірнеше ірі платформаны — YouTube, WhatsApp және Telegram-ды бұғаттады.
Ал Роскомнадзор бұл әрекетін деректер қауіпсіздігі саласындағы талаптардың орындалмауымен түсіндірді. Ведомствоның мәлімдеуінше, шектеулер қолданыстағы заңнаманы сақтамаған сервистерге қатысты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.
WhatsApp компаниясы да жағдайға байланысты пікір білдірді. Компания өкілдері Ресей билігі сервисті толық бұғаттауға тырысқанын атап өтті. Олардың сөзінше, бұл пайдаланушыларды мемлекеттік бақылауға ашық балама қосымшаларға көшіру әрекеті болуы мүмкін.
«Жүз миллионнан астам адамның жеке әрі қауіпсіз байланыс құқығын шектеу — елдегі цифрлық қауіпсіздікке кері әсер ететін шешім. Біз қолданушыларымыздың байланыста қалуы үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатырмыз», деп мәлімдеді компания.
Еске сала кетейік, Ресейдегі Мемлекеттік Думада депутат Нұрлан Сабуровтың сөзін сөйлеп, оның Ресейге кіре алмауына наразылық білдірді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық