Ресейдегі Мемлекеттік Думада депутат Нұрлан Сабуровтың сөзін сөйледі
Фото: ЧБД жобасынан үзінді
Ресейлік депутаттар Нұрлан Сабуровтың Ресейге кірмеуіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекеттік Думаның депутаты Владислав Даванковтың сөзінше, Сабуров бұндай жазаға лайық емес. Ол бұл шешімнің дұрыстығын тексеруге шақырды. Ол тергеу қорытындысы бойынша әзілкештің әрі қарай Ресейде өмір сүріп, жұмыс істеуін жалғастыруы үшін шешім қабылданатынына үміттенетінін айтты.
Тағы бір Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Шолохов істің анық қанығына жету керектігін айтты. Өйткені қазір ол туралы көптеген қауесет тарап жатыр.
«Мен кез келген нәрсеге әзілдей беретін әзілкештерді ресейлік мәдениеттің бір бөлігі деп санамаймын. Ал мәселенің өзіне келетін болсақ, мен оның не үшін Ресейден 50 жылға шеттетілгенін білмеймін. Қазір ол туралы көптеген қауесет тарап жатыр», - деді Шолохов.
Бұған дейін ресейлік журналист Ксения Собчак та Нұрлан Сабуров оқиғасына қатысты пікір білдірген болатын.
«Ол мені қалай атағанында тұрған не бар? Мен өз қалаулары үшін бір-бірін мақтап немесе бір-бірін түтіп жейтіндерді жек көремін. Біз дұшпан болуымыз мүмкін, бірақ Нұрланға жасалып жатқан дүние абсурд деп есептеймін» деп жазды Ксения Собчак өзінің Telegram арнасында.
Айта кетейік, Нұрлан Сабуров Мәскеудегі әуежайда ұсталып, 50 жылға Ресейге кіре алмайтыны туралы ақпарат тараған еді. Ол 60 млн теңгесін заңдастыруға тырысқан. Кейін Ресей азаматтығынан бас тартып, ол Алматыға ұшып келді.
Оқи отырыңыз:
- Нұрлан Сабуров Қазақстанға оралды
- Алматыда қазақ қыздарын қорлаған екі шетелдік қамалды
- Сабуров Ресей әскерін қолдаған видео жарияланды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық