Нұрлан Сабуров сотталуы мүмкін бе?: Заңгер пікірі
Фото: Сабуровтың жеке парақшасынан
Жақында ғана Нұрлан Сабуровтың Ресейге 50 жыл кіре алмайтыны туралы оқиға қоғамда қызу талқыға түсті. Кейін Мәскеуден Алматыға ұшып келіп, БАҚ өкілдеріне еш жауап берместен бірден көлікке отырып кетіп қалған еді. Арада уақыт өте келе былтырғы жазда әзілкеш Ресей әскеріне 10 мотоцикл сыйға тартып, 2 млн рубль бергені анықталды. Қазақстан Республикасы заңнамасында сырт елдердегі соғысты қаржыландыру — ауыр қылмысқа жатады. Сонда Сабуровты ауыр жаза күтіп тұр ма? Orda.kz тілшісі бұл жайында заңгер Абзал Қасымжановтан сұрап білді.
Заңгердің айтуынша, Сабуровтың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 170 және 258-баптарына сәйкес келуі мүмкін. Алайда, нақты құқықтық баға мен мүмкін болатын жаза істі тексеру барысында жиналған дәлелдер мен жағдайларға байланысты анықталады.
«Жалдамалы әскер» – бұл оны шақыру, оқыту, қаржыландыру немесе басқа да материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы қақтығысқа, әскери әрекеттерге немесе конституциялық құрылымды құлату немесе әлсіретуге, сондай-ақ мемлекеттің территориялық тұтастығын бұзуға бағытталған басқа да күш қолдануға пайдалану. Сабуровтың ісі қылмыс болып есептелсе, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін», — деп жауап берді заңгер Абзал Қасымжанов.
Сондай-ақ заңгер терроризмді немесе экстремизмді қаржыландыру және терроризмге немесе экстремизмге кез келген басқа көмектесу туралы қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша да түсіндіріп, оның жазасы қанша жыл екенін де тілге тиек етті.
«Аталмыш бап бойынша егер адам террористік немесе экстремистік ұйымға ақша, мүлік берсе немесе қызмет көрсетсе, не оларды сол ұйымның ісіне пайдалану мақсатында берсе, мұндай әрекеттер қылмыс болып саналады. Мүмкін болатын жаза 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу», — дейді заңгер.

Айта кетейік, «Вагнер» — Ресейге тиесілі, мемлекеттік емес қарулы ұйым. Жеке әскери компанияны Евгений Пригожин құрған және бірқатар елде террористік ұйым ретінде танылған.
Бұл видеоны Истра муниципалдық округінің басшысы Татьяна Витушева жариялаған. Жазба 2025 жылғы 7 шілдеде шыққан және ұзақ уақыт бойы оның парақшасында әрі округтің Telegram-арнасында тұрды. Алайда Сабуровқа қатысты сын қайта күшейген соң видео өшірілді. Жеке аккаунттан жойылғаннан кейін бейне муниципалитет арнасынан да автоматты түрде жоғалған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық