Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
Фото: Orda.kz
Ұлттық банкте халықтың қарыз жүктемесін азайтуға көмектесетін шаралар туралы айтып берді. Барлық мәліметті нақтылау үшін Orda.kz тілшісі ресми сұрау жолдады.
Реттеуші несие туралы деректерді банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық компаниялардың есептері негізінде жинайды. Сол мәліметтер бойынша жалпы статистика — қарыз көлемі мен төлем мерзімін өткізіп алу көрсеткіштері жарияланады. Алайда Ұлттық банк қарыз алушылардың саны мен олардың несиелері бойынша жеке есеп жүргізбейді.
Тәуекелдерді азайту үшін Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге банктерге қосымша шектеулер енгізуді жоспарлап отыр.
Банктерге қарыз жүктемесі коэффициентін қатаңырақ есептеу міндеттелді. Бұл көрсеткіш адамның несиені төлей алу мүмкіндігін көрсетеді. Енді олар несие бермес бұрын қарыз алушының табысын мұқият тексеруі тиіс.
Сонымен қатар банктер үшін халыққа берілген несиелердің 2%-ы мөлшерінде қосымша капитал буфері енгізіледі. Банктер бұл қорды 2026 жылғы 1 сәуірден бастап ұстап тұруы керек. Оның жалпы көлемі шамамен 508,5 млрд теңге болады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, қарыз алушының қарызы мен табысының арақатынасына шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл адамның барлық несиесін төлей алу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі.
Тағы басқа шаралар да бар:
- кепілсіз тұтынушылық несиелер мен микронесиелердің ең жоғары сомасы шектелді;
- 90 күннен астам мерзімі өткен қарызы бар азаматтарға жаңа несие беруге тыйым салынды;
- несиелер бойынша шекті пайыздық мөлшерлеме төмендетілді.
Бұған дейін Қазақстанда экономикалық белсенді халықтың шамамен жартысы несие алуға тыйым орнатқаны хабарланған еді. 5,1 млн-нан астам азамат «Stop-credit» қызметі арқылы өз атына несие мен микронесие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым қойған.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Дүниежүзілік банк Қазақстанға алты жыл бойы 1 млрд АҚШ долларына дейін қаржы бөлуге дайын
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық