Regeneron ISEF 2026: Қазақстан оқушылары мараптақа ие болды
Фото: gov.kz
Қазақстандық мектеп оқушыларының екі жобасы АҚШ-та өткен Regeneron ISEF 2026 әлемдегі ең ірі ғылыми жобалар байқауында марапатқа ие болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқу үлгерімін модельдеу мен академиялық жоспарлауға арналған KazLib цифрлық платформасы AAAI Student Membership марапатын иеленді. Жобаны Талдықорған қаласының оқушылары Аслан Башаров пен Болысбай Нұркелді әзірлеген.
Екінші жоба — Neuralese, нейрондық желілерді әзірлеуге арналған визуалды-интерактивті платформа бірден екі арнайы марапатқа — AAAI Membership және School Library Membership иегері атанды. Жобаны алматылық жасөспірімдер Михаил Исаков пен Рақым Нұрмұханбетов таныстырды.
Association for the Advancement of Artificial Intelligence — жасанды интеллект саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың бірі, штаб-пәтері Вашингтон қаласында орналасқан. Ал Regeneron ISEF — жыл сайын ондаған елден келген ең үздік жас зерттеушілерді біріктіретін әлемдегі ең ірі ғылыми және инженерлік жобалар байқауы.
Биылғы байқау АҚШ-тың Финикс қаласында өтті. Қазақстан бұл додада бес ғылыми жоба ұсынды. Оның үшеуі халықаралық байқаудың арнайы марапаттарына ие болды. Бұған дейін жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақстандық оқушы да марапатталған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық