Ұлттық банк Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арнап коллекциялық монеталар шығарады
Фото: ҚР Ұлттық банкі
Қазақстан Ұлттық банкі әйгілі опера әншісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Orda.kz.
E. SERKEBAEV. 100 JYL және AINALAIYN атауымен жарық көретін монеталар 2026 жылдың 28 мамырынан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылымға түседі.
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (1926–2013) – кеңестік және қазақстандық опера әншісі, лирикалық баритон иесі, педагог әрі актер. Ол 1959 жылы КСРО халық әртісі атағын, ал 1986 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алған.
1947 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында солист болып қызмет етті. Өнер сахнасында ол «Севиль шаштаразы» операсындағы Фигаро және «Абай» операсындағы Абай партияларын орындауымен кеңінен танылды. Жаңа монеталардың дизайнында әншінің бейнесі қолданылған.
E. SERKEBAEV. 100 JYL монетасы мельхиор қорытпасынан (МН 25) дайындалған. Оның салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм. Монета brilliant uncirculated сапасында шығарылып, номиналы 200 теңге реінде 7 мың дана болып шығады.
Ал AINALAIYN монетасының дизайны ерекше көркем композициямен безендірілген. Онда қазақтың «айналайын» сөзінің мәні – жылылық, мейірім мен қамқорлық бейнеленген. Монета бетінде шеңбер бойымен қайталанған жазу қозғалыс әсерін береді, ал ортасында күн бейнесін еске салатын ою-өрнек аясында жүрек белгісі орналасқан.
Бұл монета екі нұсқада шығарылады. Біріншісі – 925 сынамалы күмістен, түрлі-түсті баспа және кемпірқосақ түстес интерференциялық жабындымен дайындалады. Салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, сапасы «proof», номиналы 1000 теңге, таралымы 3 мың дана. Екіншісі – мельхиор қорытпасынан жасалған, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы brilliant uncirculated, номиналы 200 теңге, таралымы 10 мың дана.
Ұлттық банк мәліметінше, бұл монеталардың барлығы Қазақстан аумағында номиналдық құны бойынша төлем құралы ретінде қабылданады. Сонымен қатар оларды барлық банктерде есепшоттарға енгізуге, айырбастауға және аударуға болады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Оқи отырыңыз:
- Ұлттық банк жаңа коллекциялық монета шығарды
- Ұлттық банк 2027 жылдан бастап несие санына шектеу енгізеді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық