Қазақстан KazSat-тан айырылса Starlink-ке тәуелді болып қалуы мүмкін: Депутаттар дабыл қақты
Фото: digitalbusiness.kz
Мәжіліс депутаттары ұлттық спутниктік жүйе KazSat-ты жаңарту мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Олардың пікірінше, Қазақстан шетелдік байланыс қызметтеріне, атап айтқанда Starlink пен OneWeb сияқты жүйелерге тәуелді болып қалу қаупіне тап болуы мүмкін.
Депутаттар тиісті сауалды жасанды интеллект министрі Жасұлан Мәдиевке жолдады. Онда KazSat-3 спутнигінің пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталатыны, ал жаңа аппарат уақытында іске қосылмаса, Қазақстан өз орбиталық-жиілік ресурсын жоғалтуы мүмкін екені айтылған.
Әсіресе, депутаттарды отандық спутниктердің орнына Starlink пен OneWeb-ті пайдалану туралы ұсыныстар алаңдатып отыр.
«Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік провайдерлерге байланыс инфрақұрылымының тәуелді болуы – жол берілмейтін жағдай» деп жазылған депутаттық сауалда.
Сондай-ақ олар KazSat-3R жобасы бойынша өткізілетін конкурсқа да сын айтты. Айтуларынша, сатып алу рәсімдері қарапайым мемлекеттік сатып алу ережелерімен жүргізіліп жатыр, ал бұл ғарыш саласы мен жоғары технологиялық жобаларға сай келмейді. Мұндай тәсіл ескірген өнімді сатып алу немесе делдалдардың бағаны негізсіз көтеру қаупін арттырады.
Депутаттар наурыз айында жарияланған конкурсқа қатысушы мүлде болмағанын да еске салды.
Өз кезегінде министр Жасұлан Мәдиев 2025 жылдың желтоқсанында конкурсқа қатысу үшін әлемнің 40-тан астам компаниясына шақыру жіберілгенін хабарлады. Олардың қатарында Airbus Defence & Space, Thales Alenia Space, Turkish Aerospace Industries, China Great Wall Industry Corporation және OHB SE бар.
Алайда конкурсқа тек бес компания өтінім берген. Олар:
- China Great Wall Industry Corporation;
- Shanghai Engineering Center for Microsatellites;
- «Главкосмос»;
- ReOrbit Oy;
- Turkish Aerospace Industries.
Қазіргі уақытта бұл өтінімдер пысықтауға жіберілген. Қайта тапсырылатын құжаттар 2026 жылдың маусым айының соңына дейін қабылданады. Осыдан кейін жеңімпаз анықталып, мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіледі. Келісімшартты жыл соңына дейін жасау жоспарланған.
Сонымен қатар министрлік KazSat-3R жобасының негізгі параметрлерін өзгерту жоспарланбағанын мәлімдеді. Заңға сәйкес, байланыс басқару орталығы Қазақстан аумағында орналасуы тиіс, ал байланыс арналарының автономдылығы жоба талаптарында алдын ала қарастырылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық