Түрікменстанда жаһандық және өңірлік қатерлерге қарсы іс-қимыл талқыланды
Фото: ҚМА
Түрікменстанның Ашхабад қаласында Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) 44-пленарлық апталығы аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс-шараға ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің делегациялары, FATF, FATF үлгісіндегі өңірлік топтар, халықаралық ұйымдар мен байқаушылар қатысты.
Жаһандық және өңірлік қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері талқыланды. Жасанды интеллект технологиялары ықпалын зерделеуге, сондай-ақ 2026–2027 жылдарға арналған ұлтаралық тәуекелдерді бағалауды дайындауға ерекше назар аударылды.
2023 жылғы өзара бағалау қорытындысы бойынша Қазақстан FATF стандарттарына сәйкестендіру мақсатында ұлттық заңнамаға ауқымды өзгерістер енгізе бастады. Түзетулер алты кодекске, он заңға және ондаған өзге де нормативтік құқықтық актілерге енгізілді.
Пленарлық отырыста Қаржылық мониторинг агенттігі делегациясы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы ұлттық жүйенің прогресі жөніндегі алғашқы есебін ұсынды.
Нәтижесінде Қазақстанның FATF-тың төрт негізгі Ұсынымы бойынша рейтингі «едәуір сәйкестік» деңгейіне дейін көтерілді. Атап айтқанда:
- терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл;
- жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл;
- заңды тұлғаларды қылмыстық мақсатта пайдаланудың алдын алу және бенефициарлық меншік иелерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
- қаржы ұйымдарын қадағалау.
Халықаралық делегациялар Қазақстанның номиналды тұлғаларды заңсыз пайдалану тәуекелдерінің алдын алу және төмендету бағытында қабылдап жатқан шараларын оң бағалады. Бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу және ҚЖ/ТҚ саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту жұмыстары ерекше атап өтілді.
ЕАТ-тың келесі, 45-пленарлық апталығы 2026 жылғы қарашада Тәжікстан Республикасында өтеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық