Прокурор Жанәбіловтерге жаза мерзімін сұрады

cover Бейнеден кадр

Соттағы жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев блогер Жанәбіловтерге  қатысты нақты жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Прокурордың сөзінше, іс материалдары толық зерттеліп, заң талаптарына қайшы келетін жайттар анықталмаған.

«Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жиналған дәлелдемелерді жарамсыз деп тануға негіз болатын қылмыстық-процестік заң бұзушылықтар да жоқ», – деді ол.

Ол жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, жаза тағайындау қажет екенін атап өтті. Прокурордың ұсынысына сәйкес, айыпталушы Ерболат Жанәбіловті бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, әр эпизод бойынша жаза тағайындау сұралды:

«Қылмыстық Кодекстің 214-бабы 2-бөлігі бойынша – 2 жыл 6 ай, 218-баптың 2-бөлігі бойынша – 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, мүлікті тәркілеумен бірге тағайындауды сұраймын. Неғұрлым қатаң жазамен жеңілін құрту арқылы, түпкілікті 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуді белгілеуді ұсынамын. Айыпталушыға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қамауға алумен алмастырып, сот залында қамауға алуды сұраймын», – деді прокурор.

Эльмира Төлегеноваға қатысты да прокурор жаза мерзімін сол көлемде, алайда жазаны өтеуді кейінге қалдыруды ұсынды:

«Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тағайындалған жазаның орындалуын бір жылға кейінге қалдыруды сұраймын», – деді ол.
@ordaqazaqs

Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот аяқталуға жақын. Жарыссөзде прокурор Олжас Хайруллаев екеуін де 4 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Алайда мемлекеттік айыптаушы Эльмира Төлегенованың жазасын өтеу мерзімін заңға сәйкес бір жылға шегеруді ұсынды. Тергеу мәліметінше, ерлі-зайыптылар «онлайн курс сатамыз» деген желеумен заңсыз лотерея ұйымдастырған. Олар жұртты 30 мың теңгелік курс сатып алуға үгіттеп, оның орнына 11 автокөлік пен түрлі бағалы сыйлықтар ойнатқан. Осылайша блогерлер 247,6 миллион теңге көлемінде заңсыз табыс тауып, оның 60 миллионға жуығын депозиттерге салып, қаражатты жылыстатқан деген айып тағылып отыр. Мемлекеттік айыптаушы бұл іс Қазақстандағы өзге блогерлер үшін үлкен сабақ әрі прецедент болуы тиіс екенін қадап айтты. Прокурордың сөзінше, әлеуметтік желідегі «оңай ақша көтеру» туралы жарнама халықты алдауға құрылған. Сондықтан мемлекет бұдан былай аудитория сенімін теріс пайдаланып, заңсыз ұтыс ойындарын өткізетіндерге көз жұма қарамайды. Айыпталушылар жауапкершілікті басқаларға аударып, кінәсін ішінара ғана мойындағанымен, прокурор істегі дәлелдер олардың қылмысын толық айғақтайтынын мәлімдеді.

♬ оригинальный звук - ORDA - ORDA

Бұдан бөлек, прокурор соттан келтірілген залалды өндіру, мүлікті тәркілеу және процессуалдық шығындарды өтеу мәселесін шешуді сұрады. Атап айтқанда, қылмыстық жолмен алынған кірісті өндіріп алу, iPhone 16 маркалы 17 ұялы телефон мен Hyundai маркалы 8 автокөлікті тәркілеу ұсынылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар