СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
Фото: Оrda.kz
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандықтың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, апелляциялық шағым берілген, сондықтан экстрадиция туралы айту әлі ерте. ҚР азаматы Ернұр Алмаханды Дубайдың (БАӘ) бірінші сатыдағы соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
Министрлік бұл үкімнің әлі түпкілікті емес екені атап өтті. Қазіргі таңда қазақстандықтың қорғаушылары апелляциялық шағым түсірген, бұл оның елге қайтарылуы туралы кез келген әңгімені уақытша тоқтатады. Бақаев Алмаханға нақты қандай айып тағылғанын ашып айтпады, алайда олардың ауыр екенін жеткізді.
«Бас консулдық олармен байланыста деп ойлаймын. Онда бірқатар ауыр құқықбұзушылықтар бар, егжей-тегжейіне тоқталғым келмейді. Сот шешімінде барлығы жазылған. Қателесіп кетуден қорқамын. Бас консулдық, әрине, көмектеседі, себебі бұл — біздің азамат», — деді Бақаев Мәжіліс дәлізінде.
Ернұр Алмахан және тағы бірнеше адам (оның ішінде Өзбекстан азаматтары да бар) 2025 жылдың жаңа жыл түні Дубайдағы виллаға жасалған қарулы шабуылға қатысы бар деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, шабуыл жасағандар үй иесі мен оның жұбайына пышақ жарақатын салып, шамамен 1,2 млн дирхам (шамамен 327 мың АҚШ доллары) көлеміндегі қаражатты қолды еткен.
Бұған дейін Orda.kz тілшісі заңгер Инга Иманбай ұйымдастырған баспасөз мәслихатына қатысып Ернұр Алмахан жайлы оқиғаның мән-жайын жазған еді, толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.
Оқи отырңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық