Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
Фото: Orda.kz
Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, халықтың сүйікті ақыны Мұхтар Шахановтың мәйіті кеше Түркістанға жеткізіліп, бүгін туған топырағында Түркістан облысындағы «Қоғам» ауылдық зиратында жерленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше ақынның денесі Алматыдан Түркістан әуежайына жеткізіліп, одан әрі Отырар ауданына жөнелтілді. Әуежайда қаралы керуенді өңір басшысы Нұралхан Көшеров бастаған ресми өкілдер мен зиялы қауым күтіп алды. Қоштасу шараларынан кейін қаралы көш ақынның туған өлкесі Отырар ауданына барды.
Түркістан облысында қоғам қайраткері, халық ақыны Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қаралы жиынға жиналған халықтың қарасы өте көп болды.
Мұхтар Шахановтың денесі туған жері — Шілік ауылындағы қара шаңырағынан шығарылып, Арыстанбаб кесенесінің жанындағы Қоғам ауылының зиратында жерленді.
Жаназаға Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса, Ринат Зайытов, Сейітжан Сейітжанов, Асхат Мырзахметов және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Рәсім барысында Қазыбек Иса мен ақынның туыстары сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.
Мұхтар Шаханов 19 сәуірде 84 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған дерттен қайтыс болды. Бұған дейін Алматыда өткен қоштасу рәсіміне мемлекеттік органдардың өкілдері мен мәдениет қайраткерлері қатысып, марқұмның отбасына Қазақстан мен Қырғызстан президенттерінің көңіл айту жеделхаттары жеткізілді.
Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ұлт әдебиетінің алыбы өзінің ақырғы байызын киелі Арыстан баб кесенесінің маңынан тапты.
Қаламы мен азаматтық үні қатар өрілген оның шығармашылығы ұлт жадында мәңгілік сақталары анық. Артында өшпес із, өлмес мұра қалдырып, тұтас бір дәуірдің рухани келбетін айшықтаған тұлғаның ғұмыры – адалдықтың, шындықтың, елге қызмет етудің асыл өнегесі болып қала бермек.
Түркістан облысындағы жерлеу рәсіміне қатысып, фото/видео мен ақпарат жолдаған жергілікті тілшіміз Назерке Еркінбекқызы.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық