Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
Фото: әлеуметтік желі
Әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелі шағымынан бас тартты. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Полицияның мәліметінше, Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттеліп, қажетті материалдар жиналып, процессуалдық әрекеттер жүргізілген.
«Алайда арызданушы әйел талап-арызынан және істі қарауға қатысудан бас тартты. Осыған байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды», деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, 15 наурыз күні БАҚ-та қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алматы қалалық полиция департаменті әншінің жұбайын ұрды деген күдікпен полицияға жеткізілгенін хабарлаған. Бастапқыда әйел өзіне күш қолданылғанын айтқанымен, кейіннен бұны жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз жазған.
Тексеру нәтижесінде Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
16 наурызда сот бұл істі қарап, өндірісті тоқтатып, материалдарды бастапқы арызды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін прокуратура мен полиция департаментіне жолдаған.
Турлыханов сот шешіміне шағымдануға тырысқанымен, апелляция оны өзгеріссіз қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық