Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты ресми хабарлады.
— Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстанның Конституция күнімен құттықтаймын! Конституция - Тәуелсіздігіміздің сенімді кепілі. Негізгі Заң біздің мемлекеттің демократия мен заңдылық қағидаттарын ұстануын құқықтық және саяси тұрғыдан растайды, елдің ұзақ мерзімді даму бағытын анықтайды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен және тікелей қатысуымен әзірленген Конституция-біздің әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктеріміздің, қоғамдық өмірдің барлық саласында жүргізілген ауқымды реформалардың берік негізі. Прогрессивті конституциялық нормалар экономикалық дағдарыстарды табысты жеңуге және сенімді түрде алға жылжуға көмектеседі.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін мызғымас құндылықтарға сүйене отырып, біз әділетті мемлекет құрамыз. Біздің басты мақсатымыз-адамдардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту. Негізгі Заң ұлттың бірлігін, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмауды, кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салуды растайтын қуатты біріктіруші фактор ретінде әрекет етеді.
Бұл негізгі шарттар ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді - біздің баға жетпес байлығымыз. Әр әрпіне Тәуелсіздік рухы сіңген Конституцияны құрметтеу халқымыздың патриотизмінің негізінде жатыр. Барлық отандастарға мықты денсаулық, бақ-береке және амандық тілеймін!
Жаңалықтар
- Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған
- Алматыдағы иесіз электр желілері коммуналдық меншікке өтеді
- «Фукидид қақпаны»: Си Цзиньпин Трампқа нені ескертті?
- Елімізде биыл алғашқы тоқсанда 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр