Президент «Асыл мұра» ұлттық сыйлығын тағайындап, Мақпал Жүнісоваға «Барыс» орденін, Татьяна Бурмистроваға «Отан» орденін берді

cover Фото: Ақорда

Президент  Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.       

Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

«Бұл – еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке. Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысы мен рухани дербестігінің арқауы екенін бәріміз жақсы білеміз. Мәдени және рухани дүниесін сақтай білген елдің мәртебесі биік, мерейі үстем болары айқын. Сіздер осы игі мақсат жолында табанды жұмыс істеп келесіздер. Қоғамымыз бұл еңбекті жоғары бағалайды. Бүгін мен кәсіби мереке күні еліміздегі барша мәдениет және өнер саласы мамандарына шынайы алғысымды білдіремін!», —деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет екенін айтты. Сондай-ақ төл өркениетіміздің осындай теңдессіз қазыналарын дәріптеп жүрген өнер адамдарына қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. «Асыл мұра» ұлттық сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдайтынын айтты.

«Бұл марапат дәстүрлі өнер өкілдерін қолдауға, олардың шығармашылығын насихаттауға, ұлттық өнердің беделін арттыруға ықпал етеді. Осы жоғары дәрежелі сыйлықпен тиісті министрліктің ұсынысы бойынша Мемлекет басшысының Жарлығымен лайықты өнер және мәдениет қайраткерлері марапатталады»,—деді Қасым-Жомарт Тоқаев жиында. 

 

Президент Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды. 
 

«Қазір біздің ортамызда белгілі әнші әрі домбырашы Татьяна Николаевна Бурмистрова отыр. Ол жарты ғасырға жуық уақыт бойы қазақтың дәстүрлі өнерін белсенді түрде кеңінен дәріптеп, жас дарындарға үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Бүгін мен Татьяна Бурмистроваға ең жоғары «Отан» орденін беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Сонымен қатар бүгін жезтаңдай әнші, халқымыз, әсіресе, әйелдер қауымы жақсы көретін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі «Барыс» орденін тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев жиында. 
@ordaqazaqs

Бүгін – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Осы мерекеге орай Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнер қайраткеріне мемлекеттік награда табыстады. Марапатталғандар қатарында Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова да бар. Президент әншінің қазақ өнеріндегі орнын ерекше атап өтіп, оған II дәрежелі «Барыс» орденін тақты. Жалпы, биыл мәдениет пен өнер саласының 120-дан астам өкілі түрлі мемлекеттік марапатқа ие болмақ.

♬ оригинальный звук - ORDA - ORDA

Кәсіби мереке күні мәдениет дамуына зор еңбек сіңірген бірнеше өнер қайраткеріне «Қазақстанның халық әртісі» атағы беріледі.  Жалпы, биыл елімізде 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болады.

«Президенттің жарлығымен мәдениет саласындағы айрықша жетістіктері және Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды» деп жазылған хабарламада.

«Отан» орденімен марапатталған:

  • Бурмистрова Татьяна Николаевна – «Ұлттық өнер» ЖШС директоры, Алматы қаласы;

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:

  • Жүнісова Мақпал Мұхамедьярқызы – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі, Астана қаласы;

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:

  • Ганцева Марина Юрьевна – Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының актрисасы, Алматы қаласы;

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілгедер:

  • Қожа Бахтияр Абдуллаұлы – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі, Алматы қаласы;
  • Макарова Нина Матвеевна – А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрының актрисасы;
  • Сейтметов Азат Райымбекұлы – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері, Алматы қаласы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілгендер:

  • Бейсембаев Ерлан Ғабитұлы – Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры симфониялық оркестрінің бас дирижері, Астана қаласы;
  • Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы – Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрінің дирижері, Астана қаласы;
  • Жармағамбетов Расул Қайратұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі;
  • Исмаилов Өмірәлі Дәуренбекұлы – «Астана қаласы суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Қалиев Серік Ақрамұлы – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қызметкері, Алматы қаласы;
  • Овчинников Олег Николаевич – Қазақстан Православие шіркеуі митрополиялық хорының регенті (бас дирижері);
  • Олексенко Игорь Владимирович – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, Алматы қаласы;
  • Төкімтаев Базарбек Сләмбекұлы – Б.Римова атындағы академиялық драма театрының актері, Талдықорған қаласы;

«Парасат» орденімен марапатталғандар:

  • Әбілханова Салтанат Аябекқызы – Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, Астана қаласы;
  • Ким Римма Ивановна – Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының актрисасы, Алматы қаласы;
  • Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Астана қаласы;

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғандар:

  • Кюршад Зорлу – Түркия Республикасының Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары;

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:

  • Бахаров Дилмурат Нурахметұлы – Құддус Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры, Алматы қаласы;
  • Даиров Сабит Серғебайұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының концертмейстері;
  • Дияров Ермек Сатыбалдіұлы – «Дервиши» тобының мүшесі, Алматы қаласы;
  • Жүгінісов Құрманбек Далабекұлы – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының әртісі, Алматы қаласы;
  • Қабыкенова Айнаш Жақсылыққызы – Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның М. Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі;
  • Қалиева Ая Жәкенқызы – Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры;
  • Мәжит Асан Маратұлы – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері, Алматы қаласы;
  • Оразбеков Дастан Дәрібайұлы – әнші, Астана қаласы;
  • Өтепберген Аян Өмірәлі – Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының актері;
  • Рахмет Сұраган – ақын, Астана қаласы;
  • Салықов Медет Тілеубекұлы – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі, Астана қаласы;
  • Сұлтанов Сүндет Нұрланұлы – «Астана Балет» театрының жетекші солисі;
  • Төлегенов Нұрлан Құрманәліұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртісі, Алматы қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:

  • Әшім Әлия Мейрамғазықызы – журналист, Астана қаласы;
  • Көпберген Жасұлан Ерболұлы – театр және кино актері;
  • Сағындықова Ләззат Құдайбергенқызы – Алматы қаласы мәдениет басқармасына қарасты «Музейлер бірлестігі» КМҚК директоры;
  • Садырбаев Нұржас Майрамбекұлы – Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының актері;

«Шапағат» медалімен:

  • Безаубек Сәния Серікқызы – Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы;
  • Крапп Мария Владимировна – суретші, Тараз қаласы;
  • Лутошкина Марина Васильевна – «Лутошкиндер отбасы» бастамашыл тобының еріктісі;
  • Малышева Ольга Витальевна – театр шолушысы, Алматы қаласы;
  • Сапорито Ренато – «Magister Art» президенті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар