Павел Дуров Франциядан кетуге мүмкіндік алды
Фото: Павел Дуровтың телеграм парақшасынан алынды
Соттың рұқсатымен Telegram негізін қалаған Павел Дуров Франциядан Дубайға кетіп қалды, деп хабарлайды Orda.kz франциялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Telegram желісі негізін қалаушы және ВКонтакте әлеуметтік желісін құрушы Павел Дуров Париж Ле Бурже әуежайында ұсталғанын жазда хабарлаған болатынбыз. Дуров 2024 жылдың тамызында Парижде ұсталды. Оған бірқатар ауыр қылмыстар, соның ішінде лаңкестікке көмектесті деген және есірткі саудасы бойынша айып тағылды.
Француз сот жүйесі өз кезегінде 2017-2024 жылдар аралығында Telegram арқылы жасалған қылмыстарға қатысты 2 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Ұсталғаннан бірнеше күннен кейін ол кепілге босатылды. Дуров елден шығу мүмкіндігінсіз аптасына екі рет полицияға хабарласып тұруға мәжбүр болды.
2025 жылдың ақпанында кәсіпкердің ісі сотқа бір жылдан кейін түсетіні белгілі болды.
Өткен жазда Цифрлық даму министрлігінің басшысы Жасұлан Мәдиев Telegram негізін қалаушысы Павел Дуровты елге шақырып, ол Қазақстанға келген болатын.
Сол кезде «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин жақында Telegram компаниясы басшылығымен кездескенін айтып, Павел Дуровпен әңгіме барысында транзиттік операторларсыз желілер арасындағы трафикті тікелей алмасу туралы келіскенін мәлімдеді.
Артынша Ресей Мемлекеттік Думасының вице-спикері Владислав Даванков Ресей Сыртқы істер министрлігі басшысына Дуровты босатуға қол жеткізу туралы үндеу жолдаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық