Павел Дуров: Telegram ай сайын заң бұзғаны үшін 15-тен 20 миллионға дейін аккаунтты жояды
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров француз тергеу судьяларына мессенджердегі контент модерациясын күшейтуге уәде берді, деп хабарлайды Orda.kz France info жиынына сілтеме жасап.
Сотта Дуров платформаның ай сайын заң бұзғаны үшін 15 миллионнан 20 миллионға дейін аккаунттарды өшіретінін айтты. Сондай-ақ ол соңғы жарты жылда мессенджердің құқық қорғау органдарымен белсенді әрекеттесіп, 10 мың қолданушы туралы мәліметтерді түрлі елдердің билігіне бергенін атап өтті. Сонымен бірге Дуров заңсыз контентпен күресу мәселесі тек Telegram-ға ғана емес, басқа да ұқсас қызметтерге қатысты екенін мәлімдеді.
Француз сот жүйесі өз кезегінде 2017-2024 жылдар аралығында Telegram арқылы жасалған қылмыстарға қатысты 2 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар, тергеушілердің айтуынша, қабылданған шараларға қарамастан, соңғы айларда платформа заңсыз мақсатта одан да белсенді қолданыла бастады. Дуров жеке қолданушылардың мұндай әрекеттері Telegram беделіне де, қызметіне де нұқсан келтіретінін мойындады.
Франция азаматтығын алған 39 жастағы миллиардер Павел Дуров 24 тамызда Ле Бурже әуежайының ұшу-қону жолағында ұсталды. Дуров Францияда іздеуде болды. Оған сот полициясының Ұлттық басқармасы алдын ала тергеу негізінде іздеу жариялаған. Бірнеше күннен кейін Дуровқа айып тағылып, кепілмен босатылды. Жауап алу кезінде Павел Дуров Францияның Ішкі қауіпсіздік бас басқармасының қызметкерлерімен байланыста болғанын айтты.
Париж прокуратурасы Дуровқа қарсы ұйымдастырылған алаяқтық, мемлекеттік органдарға заңмен рұқсат етілген телефонды тыңдау үшін ақпарат пен құжаттарды беруден бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін тарату және есірткі саудасы сияқты 12 айыпты тізіп берген.
Orda.kz Telegram желісі негізін қалаушы әрі ВКонтакте әлеуметтік желісін құрушы Павел Дуров Париж Ле Бурже әуежайында ұсталғаны туралы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық