Делдалсыз трафик алмасу: Бағдат Мусин мен Павел Дуров не туралы келісті
фото: Павел Дуровтың телеграм парақшасынан алынды
«Қазақтелеком» басқарма басшысы Бағдат Мусиннің айтуынша, барлық мессенджер арасында жүктеу саны бойынша Telegram қондырғысы үздік атанды.
Бұл туралы Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жариялады.
«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин жақында Telegram компаниясы басшылығымен кездескенін айтты. Ол Павел Дуровпен әңгіме барысында транзиттік операторларсыз желілер арасындағы трафикті тікелей алмасу туралы келіскенін мәлімдеді.
«Әріптестерім Telegram желісімен тікелей байланыс орнатып, Telegram мамандарымен бірлескен жұмыстарды аяқтады, бұл бізге желілер арасында деректерді анағұрлым жылдам , әрі аралық операторларсыз тасымалдауға мүмкіндік береді. Қазір Telegram-нан шамамен секундына 19 Гбит/с трафик аламыз, бұл көрсеткіш болашақта өсе бермек. Біз тіркелген абоненттер үшін трафик аламыз. Осының арқасында үйлер мен кеңселердегі Telegram қызметі жақсаруы керек. Тікелей байланыс бізге Telegram серверлеріне деректерді беру кезінде кідіріс уақытын азайтуға мүмкіндік берді. Мысалы, егер бұрын Астанадан Еуропаға дейін кідіріс шамамен 85 миллисекунд болса, қазір ол 75 миллисекундқа дейін қысқарды. Түрлі аймақта бұл көрсеткіш әртүрлі. Бұл Қазақстандағы пайдаланушылар контентке енді тезірек қол жеткізіп, Telegram арқылы ақпарат алмаса алады деген сөз», — деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық