Өздерін ломбард желісі деп таныстырған алаяқтар қолға түсті
Фото: ИИ
Өткен жылдың қыркүйегінде ломбард болып көрінген, бірақ шын мәнінде заңсыз микрокредит берген ірі желі әшкереленген еді. «Актив Ломбард» желісінің иесі С.С.Койнов адамдарға комиссиондық сауда деп көрсетіп, іс жүзінде жоғары пайызбен микронесие беріп отырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл қызмет заңды көрінуі үшін ол өзіне қарасты «Актив Ломбард» ЖШС-ін және сенімді адамдардың атына тіркелген «One Billion Sales», «The Best Seller», «Shark in Sales» компанияларын пайдаланған. Барлығы «Актив Маркет» деген бір атаумен жұмыс істеп, бір ғимаратта отырып, қызметкерлер арқылы клиенттерге қызмет көрсеткен.
Клиенттермен жасалған келісімшарт тек көзбояушылық болған. Күндік пайыз 1,73–2,07% болған, бұл рұқсат етілген мөлшерден 5 есе жоғары. Соның салдарынан азаматтардың құқықтары бұзылған. Жалпы саны 1,9 миллионнан астам келісім жасалып, заңсыз табыс 19 млрд теңгеден асқан.
Тергеу дерегінше, Койнов бұл ақшаның қайдан келгенін жасыру үшін күрделі схема ойлап тапқан: жалған келісімшарт жасап, ақшаны түрлі есепшот арқылы айналдырып, кейін 5 млрд теңгеден астам қаражатты дивиденд ретінде шығарған.
Сондай-ақ ол «Zeus Co» деген IT-компания тіркеп, бағдарламалық қызмет көрсетеміз деген желеумен аффилирленген фирмалармен бағасы тым қымбат келісімшарт жасаған. Соның нәтижесінде компания шотына 2,5 млрд теңге түсіп, оның 2,2 млрд теңгесі Койновқа дивиденд ретінде аударылған.
Сот санкциясымен жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде Астанадағы 4 пәтер мен 2 үй, БАӘ-дегі 4 апартамент, Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga V8, Land Rover Range Rover Sport көліктері және депозиттердегі 2,7 млрд теңге бар.
Койнов қамауға алынды. Оның төрт сыбайласына елден шықпау туралы қолхат берілді.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда қазақ қыздарын қорлаған екі шетелдік қамалды
- Бұрынғы ректор ҚазҰПУ ғимаратын жалға беріп табыс тапқан – прокуратура нысанды қайтарды
- Германия экс-прокурор Дүйсеновті Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты
Жаңалықтар
- Баға шарықтап барады: Қазақстанда ет бағасы бір жылда 30 пайызға өсті
- Қонаевта қатты дауыл соғып, шатырлар ұшып, ағаштар құлады
- Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
- Өздерін ломбард желісі деп таныстырған алаяқтар қолға түсті
- «Жігіттер жеңіспен оралсын». Сабуров Ресей әскерін қолдаған видео жарияланды
- Абылайхан Жұбаназар дзюдодан халықаралық турнирде Қазақстанға үшінші медаль әкелді
- Жапониядағы сайлау: Санаэ Такаити партиясы парламентте басым көпшілікке ие болды
- Депутат Елнұр Бейсенбаев президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды
- Бірнеше қызды зорлап өлтірген «бішкектік маньяк» өзіне қол жұмсады
- Құлсарыда оқушы балта ала жүгірген мектептің директоры қызметінен босатылды
- Ұрланған жәдігер көп жылдардан кейін Мысырға қайтарылды
- Нұрлан Сабуров мәлімдеме жасады
- Криштиану Роналду «Әл-Насрдағы» жағдайға көңілі толмай, Лиссабонның «Спортинг» клубына кете ме?
- АҚШ Украинадағы соғысты жазға дейін аяқтауды келіспек — Зеленский
- Нипах вирусы Үндістан аумағынан асты: Бангладеште алғашқы жағдай тіркелді
- Миландағы Олимпиадаға қарсы наразылықтар полициямен қақтығысқа ұласты
- 2026 жылы қандай спорт нысандары салынады: «Медеу» жөнделіп жатыр
- Қазақстандағы Starlink жүйесі қаншалықты дайын?
- Алматыда Avtobys электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады
- Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді