Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді
Фото: Алматы әкімдігі
Болашақ ана мерзімінен бұрын су кетуіне байланысты шұғыл түрде медициналық орталыққа жеткізілді. Ультрадыбыстық зерттеу барысында дәрігерлер ішіндегі нәрестенің өміріне қатер төнгенін анықтап, шұғыл ота жасауға шешім қабылдаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығында дәрігерлер жүктіліктің 27-аптасында дүниеге келген шала туған қыз баланың өмірін сақтап қалды.
Кесарь тілігі орталық директоры Светлана Рахимова басқаратын мамандар тобының қатысуымен жасалды. Нәтижесінде салмағы небәрі 730 грамм болатын қыз бала дүниеге келді.
Нәресте өмірінің алғашқы сәтінен бастап жаңа туған балалардың жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр. 28 күннен бері дәрігерлер мен мейірбикелер тәулік бойы оның жағдайын қадағалап, ем жүргізді.
Жағдайы тұрақталған соң сәби күтімнің екінші кезеңіне — жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Отбасы орталықта 56 күн болып, осы уақыт ішінде баланың салмағы екі еседен астам өсіп, 1 800 граммға жетті.
Айта кетерлігі Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы базасында жаңа туған нәрестелерді жансақтау жағдайында күтіп-баптауға арналған мамандандырылған неонатология бөлімі ашылған.
Оқи отырыңыз:
- Республика күні елімізде 850 сәби дүниеге келді
- Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
- Газадағы шайқаста 115 сәби қаза тапты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық