2026 жылы қандай спорт нысандары салынады: «Медеу» жөнделіп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі
2026 жылы Қазақстанда 121 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Ведомство мәліметінше, Тараз қаласындағы Ұлы Дала шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Қызылорда қаласында «Қызылорда Арена» спорт кешенін ашу, ал Жаңаөзен қаласында 160 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін іске қосу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Ал Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынын қайта жаңғырту жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр, деп атап өтті министрлік.
Айта кетейік, 2025 жылы ел бойынша 147 спорт нысаны пайдалануға берілген. Олардың 100-ден астамы ауылдық жерлерде, ал шамамен 40-ы қалаларда орналасқан. Ірі жобалар қатарында Түркістан қаласындағы есу арнасы мен Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Медеу» мұз айдынын реконструкциялау жұмыстарын 2027 жылы аяқтау жоспарланғаны хабарланған болатын. Жаңғырту аясында кешенге жаңа тоңазытқыш жабдықтар, мұзды бақылауға арналған жасанды интеллект жүйесі, ашық аспан астындағы бассейн, сондай-ақ серуендеуге арналған бағыттары бар экопарк қосылады.
Оқи отырыңыз:
- «Медеу» спорт кешенінің ашылғанына 52 жыл толды
- Ахметжан Есімов «Медеу» мұз айдынын күйеу баласына қалай сатып жіберді?
- Медеуде тікұшақ жұрттың зәресін ұшырды: Авиация сарапшысы қауіпсіздік ережелері бұзылғанын мәлімдеді
- Алматылық альпинистер Медеу басшылығы шешіміне наразы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық