Алматыда қазақ қыздарын қорлаған екі шетелдік қамалды
Фото: gov.kz
Алматы соты әлеуметтік желілерде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі шетелдікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты бөлімде екі шетел азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалған.
«Аталған тұлғалардың әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданып, қоғамдық тәртіп нормалары мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны анықталды. Материалдар Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Сотта істі қарау қорытындысы бойынша екі құқық бұзушыға да 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындау туралы шешім қабылданды» деп жазылған полиция хабарламасында.
Қазақ қыздарына қатысты қорлайтын жазба Threads әлеуметтік желісінде жарияланған.
Алматы қалалық полиция департаменті интернет кеңістігі жауапкершіліктен тыс аймақ емес екенін атап өтті. Әлеуметтік желілердегі пікір мен мінез-құлық қоғамдық орындардағы әрекетпен бірдей құқықтық бағаға ие.
Екі ресейлік стример қазақ қыздары туралы анайы сөз айтып, 15 тәулікке қамауға алынды. Оқиға тікелей эфир кезінде болған. Мәскеулік танымал «Стая» стримерлер тобының мүшелері — Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев Алматы қаласынан осы тақырыпта стрим жүргізген.
Бейнежазбаға наразы болған қолданушылар көптеп шағым түсіргеннен кейін, стримерлерге полиция дереу назар аударды. Эфир кезінде Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев қазақстандықтардан кешірім сұрай бастады.
Полиция азаматтығына және қарым-қатынас форматына қарамастан, заң талаптарын сақтауға және өзара құрметке негізделген қарым-қатынас жасау қажеттігін еске салады.
Оқи отырыңыз:
- «Қазақмысқа» жұмысқа тұрамын деп 16 млн теңгеге алданды
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
- Алматы облысында полицейлер үйден күштеп шығару кезінде әйелдің қабырғасын сындырды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық