Бұрынғы ректор ҚазҰПУ ғимаратын жалға беріп табыс тапқан – прокуратура нысанды қайтарды
Фото: ҚазҰПУ
Алматы қаласы прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) ғимаратының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тексеру барысында нысандарды ұзақ жылдар бойы бұрынғы ректор аффилирленген тұлғаларға беріп, кейін сол ғимараттарды университеттің өзіне жалға тапсырғаны анықталды.
31 қаңтарда прокуратура ҚазҰПУ ғимаратының жалпы аумағы 208 шаршы метрден асатын бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады. Сот бұл мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сол кезде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайтарылған активтерге бағалау жұмысын жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.
Нақтырақ айтсақ, университет өз спорт корпусын өзі жалға алып келген.
Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында «мемлекет пен университеттің мүдделеріне қайшы үшінші тұлғаларға заңсыз сатылған» бірқатар нысандар анықталған.
Осындай активтердің бірі — Қазыбек би көшесі, 30-мекенжайда орналасқан, жалпы аумағы шамамен 1400 шаршы метр болатын №4 оқу-спорт корпусы ғимараты.
Прокуратура деректеріне сәйкес, 2003 жылғы 27 қарашада университетте 1987–2008 жылдары ректор қызметін атқарған Тоқмұхамед Садықов аффилирленген компания — «Зураб фирмасы» ЖШС-мен (қазіргі атауы — «ST Advisory» ЖШС) заңсыз сатып алу-сату шартын жасаған.
Сол кезде оқу корпусы 5 070 250 теңгеге негізсіз төмен бағамен сатылған.
Еске салсақ, Алматы қаласының прокуратурасы қадағалау жүргізу барысында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының бір бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтаған еді. Осы ғимараттың жалпы аумағы 208 шаршы метр. Прокуратураның талап арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды.
Оқи отырыңыз:
- «Қанды бастама»: Қазақ қыздарын Ресейдің соғыс дрондарын құрастыруға қалай шақырады?
- «28,5 млн теңге»: Танымал университет ректоры пара алды деген күдікке ілінді
- Алматыда меценаттар болашақ мұғалімдерге жатақхана салып берді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық