Бірнеше қызды зорлап өлтірген «бішкектік маньяк» өзіне қол жұмсады
Фото: 24kg
Қырғызстандағы бірнеше қызды өлтірген «бішкектік маньяк» тергеу абақтысында өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Orda.kz Kaktus.Media сайтына сілтеп.
Былтыр Жел-Арық ауылы маңынан жоғалып кеткен 17 жастағы М.Айсулуудың мәйіті табылды. Тергеу шаралары барысында оның алдымен зорланғаны, кейін өлтірілгені анықталды. Көп ұзамай бұл қылмысқа күдікті ретінде Абдыров ұсталды. Тергеу кезінде ер адам Айсулууды өлтіргенін және басқа да қылмыстар жасағанын мойындады. Осыдан кейін Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдары оны «бішкектік маньяк» деп атай бастады.
Қылмыскер 2011 жылы Орок ауылында жүкті келіншекті зорлап, өлтіріп кеткен. Әйелдің денесі егістік алқабынан табылды. 2014 жылы 10 наурызда Бішкекте 19 жастағы Камила Дүйшебаева жоғалып кеткен. Оның мәйіті алты күннен кейін Байтик ауылынан табылды. Құмарбек Абдыров қызды өз шарфымен тұншықтырып өлтірген. Камиланың өлімінен кейін үш күн өткен соң, Раззаков көшесінен 22 жастағы қыздың мәйіті табылған. Ол да зорланып, тұншықтырылып өлтірілген. 2015 жылы Абдыров бір қызды каналға итеріп жіберіп, артынан үлкен тас лақтырған. Абырой болғанда қыз аман қалған. Бір жылдан кейін Кумарбек Абдыров 12 жылға сотталып, кейін жаза мерзімі 7 жылға қысқартылған. Айта кетейік, Абдыровқа Айсулуудың өлімі бойынша үкім әлі шықпады.
Қылмыстық-атқару қызметі Абдыровтың 7 ақпан күні шамамен 12:30-да өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізіле бастады.
Оқи отырыңыз:
- Қырғызстан президенті өзінің іс басқарушысына ескерту жасады
- Қырғызстан аузынан қағынып, опық жеген Екатерина Биволды қамауға ордер шығарды
- Қырғызстан мигранттардың туыстарына тегін медициналық көмек көрсетуден бас тартқан Ресейді сотқа берді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық