Миландағы Олимпиадаға қарсы наразылықтар полициямен қақтығысқа ұласты
Фото: Әлеуметтік желіден
Италияның Милан қаласында Milano Cortina 2026 қысқы Олимпиада ойындарының өткізілуіне қарсы ірі наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, мыңдаған адам Милан көшелеріне шыққан. Олар Олимпиаданы өткізуге жұмсалатын қомақты шығындарға, оның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне, тұрғын үй бағасының қымбаттауына, сондай-ақ ойындарға қатысты өзге де әлеуметтік және саяси мәселелерге наразылық білдірген.
Reuters агенттігінің жазуынша, шеру негізінен бейбіт өткен. Алайда шамамен жүзге жуық адамнан тұратын шағын топ негізгі көпшіліктен бөлініп шығып, полициямен қатты қақтығысқа барған. Бұл топтағы наразылар тәртіп сақшыларына фейерверк, түтін шашқыш, бөтелке мен петардалар лақтырған.
Наразылар тобын тарату үшін арнайы киімдегі италиялық полицейлер су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданды. Associated Press News агенттігінің хабарлауынша, бірнеше адам ұсталған.
Қақтығыстар спорт нысандары орналасқан аумақта және Santagiulia олимпиадалық хоккей стадионына апаратын жолда болған. Сондай-ақ полиция демонстранттардың бір бөлігінің Олимпиада ауылына басып кіру әрекетінің жолын кесті.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, акцияға қатысушылар түрлі талаптар қойған, олардың ішінде:
- экономикалық және әлеуметтік мәселелер, соның ішінде өмір сүру құнының күрт өсуі мен қолжетімді тұрғын үй тапшылығы;
- экологиялық алаңдаушылық, атап айтқанда ормандардың кесілуі және олимпиадалық инфрақұрылымның таулы экожүйеге әсері;
- АҚШ-тың көші-қон қызметі (ICE) агенттерінің Олимпиадада болуына қарсы наразылықтар — бұл тақырып шетелдік медиада кеңінен талқылануда;
- түрлі саяси және құқық қорғау ұйымдарының қатысуы.
Аталған акция Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатынан кейін ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімнің мерекелік атмосферасына қарамастан, тұрғындардың бір бөлігінің наразылығы халықаралық жарыстарды өткізу және олардың қала мен өңірге тигізетін салдарына қатысты кең ауқымды қоғамдық келіспеушіліктерді көрсетіп отыр.
Оқи отырыңыз:
- Олимпиада-2026: 8 ақпандағы жарыс кестесі
- Италияда Қысқы Олимпиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты өтті
- Еліміздің конькиші қыздары Олимпиада-2026 ойындарында үздік ондыққа енді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық