Криштиану Роналду «Әл-Насрдағы» жағдайға көңілі толмай, Лиссабонның «Спортинг» клубына кете ме?
Фото: Криштиану Роналду парақшасынан
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан кетуге дайындалып жатыр. Бұған оның қазіргі клубы «Әл-Насрдағы» жағдайға көңілі толмауы себеп болған. Футболшы Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) басшылығына нақты талап қойып, ультиматум қойған, деп хабарлайды Orda.kz.
Роналдудың мансабын жалғастыруы мүмкін бағыттардың бірі — Лиссабонның «Спортинг» клубы. Бұл жөнінде The i Paper басылымы жазды. Ақпаратқа сәйкес, португалиялық клуб жұлдызды футболшыны сатып алуға қажетті қаржы таба алады.
Айта кетейік, Криштиану Роналду «Әл-Насрдың» соңғы екі ойынына қатысудан бас тартқан. Бұған дейін де оның клуб иелерінің трансферлік саясатына наразы екені айтылған болатын.
Еске салсақ, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы турда алматылық «Қайрат» сырт алаңда дәл осы «Спортингпен» кездесіп, 4:1 есебімен ірі жеңіліске ұшыраған еді.
MBC басылымының мәліметінше, Роналду «Әл-Насрдың» трансферлік саясатына қатты көңілі қалған. Ол клуб басшылығы команда құрамын әдейі күшейтпей, негізгі ресурстарды «Әл-Хиляльді» қолдауға бағыттап отыр деп есептейді. Португалиялық футболшы бұл наразылығын екі матчқа бойкот жариялау арқылы да білдірген.
Бұл жағдайға қатысты белгілі футбол инсайдері, италиялық журналист Фабрицио Романо өзінің YouTube-арнасында пікір білдірді.
«Мәселе Криштиану Роналду мен «Әл-Наср» клубын арасында емес. Оның бас бапкермен, командадағы әріптестерімен, жанкүйерлермен және клуб басшылығымен қарым-қатынасы өте жақсы. Клубтың күнделікті басшылығы өз жұмысын дұрыс атқарып жатыр, әрі Криштиану клубта еңбек етіп жүрген адамдарға дән риза.
Алайда PIF — Сауд Арабиясы Про-лигасындағы бірнеше клубты басқаратын қор бар. Инвестиция, бюджет және жалпы стратегия солардың қолында. Криштианудың наразылығы да осы деңгейдегі басқаруға қатысты. Бұл — клубтың техникалық штабына, бапкеріне немесе менеджеріне байланысты мәселе емес.
Роналду «Әл-Насрмен» қарым-қатынасын үзді деу қате. Ол тек Сауд Арабиясының Про-лигасындағы кейбір клубтарды басқару тәсіліне және жоғары деңгейдегі стратегиялық шешімдерге көңілі толмай отыр», — деді Фабрицио Романо.
Сонымен қатар, Роналдудың «Әл-Насрда» қалуы үшін басты шарт — құрамды нақты күшейту және Мемлекеттік инвестициялық қор тарапынан барлық клубтарға тең көзқарас болуы.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық