Құлсарыда оқушы балта ала жүгірген мектептің директоры қызметінен босатылды
Бейнеден скриншот
Құлсары қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №6 мектеп директоры қызметінен босатылды. Аталған оқу орнында 10-сынып оқушысы құрдастарымен сөзге келіп, мектеп ішінде балтамен басқа оқушыларға шабуыл жасаған болатын. Оқиғаға байланысты жүргізілген қызметтік тексеру аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау облыстық білім басқармасының мәліметінше, 5 ақпанда оқу орнының басшысына қатаң сөгіс жарияланған. Ал келесі күні директор өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазып, ол өтініш кідіріссіз қабылданған.
Шабуыл салдарынан екі жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған. Оқиға туралы ақпарат сол күні-ақ полицияға түскен. Күдікті оқушы жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды және профилактикалық есепке алынды.
Аталған дерек бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік іс жүргізу басталды.
Оқи отырыңыз:
- Құлсарыда жеті жасар қызды азаптап өлтірген қылмыскер өмір бойына қатаң режимдегі түрмеге тоғытылды
- Атырау-Құлсары тас жолы жүргізушілердің бас ауруына айналды
- Құлсарыда салынып жатқан «жайлы мектептің» төбесі құлады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық