Ұрланған жәдігер көп жылдардан кейін Мысырға қайтарылды
Фото: Нидерланд мәдениет министрлігі
Нидерланд билігі жасы шамамен үш жарым мың жыл болатын көне мысырлық шенеуніктің тас мүсінінің басын Мысырға тапсырды. Бұл артефакт «араб көктемі» оқиғалары кезінде елден заңсыз шығарылып, кейін өнер нарығында сатылмақ болған. Бұл туралы Orda.kz Ahram басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мүсін ресми түрде Гаагадағы Мысыр елшісіне табысталды. Табылған жәдігер перғауын Тутмос III дәуіріне жататын мүсіннің бір бөлігі болып шықты. Мұндай мүсіндер әдетте ғибадатханалар мен қабірлерге орнатылған.
Оқиғаның мән-жайы 2022 жылы Маастрихт қаласында өткен өнер жәрмеңкесінде белгілі болды. Сарапшылар бюстің шығу тегіне күмән келтіріп, Британ музейіне жүгінген. Осыдан кейін полиция тексеріс жүргізіп, жәдігерге қатысты құжаттардың қолдан жасалғанын және артефакттың Луксор қаласынан ұрланғанын анықтады.
Мысыр билігі тарихи құндылықты қайтаруды талап етіп, Нидерланд тарапы бұл талаппен келісті.
«Бұл зат өнер нарығында болмауы тиіс. Оның орны — Мысырда», — деді Нидерланд мәдениет министрі Гуке Моэс жәдігерді тапсыру рәсімі кезінде.
Айта кетейік, бұған дейін де Каир Еуропадан көне мұраларын қайтарып алған. 2025 жылдың тамызында Германия мен Ұлыбритания Мысырға жерлеу стелаларынан бастап, ғұрыптық бетперделер мен тұмарларға дейінгі 13 артефакт тапсырған болатын.
Ал 2025 жылдың қараша айында Мысырда мәдени орталық ашылып, ол бірден «ғасыр мұражайы» атанды. Оның аумағы Луврдан екі есе үлкен, шамамен 70 футбол алаңына тең. Мұнда 100 мыңға жуық жәдігер қойылған, оның ішінде Тутанхамон қабірінен табылған, бұрын көпшілікке көрсетілмеген қазыналар да бар.
Оқи отырыңыз:
- «Жаңа Алакөл»: Курорттың бас жоспары Түркия мен Мысыр стандарттары бойынша әзірленеді
- Иран аспаны қауіпті: Air Astana мен FlyArystan Дубай мен Мысыр бағыттарын өзгертті
- Дубайдағы жаппай төбелес: сегіз өзбекстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- СІМ Мысырда қаза тапқан және зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпаратты растады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық