«Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке өтті: Шымкенттік клубты кім сатып алды?
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Шымкенттегі «Ордабасы» кәсіби футбол клубы «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығына өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін 16 ақпанда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен компания басшысы Шахмұрат Мүтәліп меморандумға қол қойды.
Меморандумдағы негізгі бағыт ретінде материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқаруды цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
«Integra Construction KZ» ЖШС басшысы Шахмұрат Мүтәліп клубты дамыту жұмыстары әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастырылатынын айтты.
«Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді ол.
«Integra Construction KZ» компаниясы теміржол және автомобиль жолдарын салумен айналысатын ірі инфрақұрылымдық құрылыс ұйымы.
Айта кетейік, клубтарды жеке қолға беру бастамасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «футбол клубтары жекешеленуі керек» деген мәлімдемесінен кейін қолға алынған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық