«Шахтёр» футбол клубы ресми түрде сатылды
Фото: gov.kz
Қарағандының «Шахтёр» футбол клубын Freedom Holding Corp. тобына кіретін кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания сатып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін, 25 қарашада өткен аукционда Тимур Турлов қарағандылық футбол командасын сатып алды. Холдингтің негізін қалаушы Тимур Тyрлов пен облыс әкімдігі жаңа футбол экожүйесін құруды көздейді.
Жаңа басшы өңірдегі футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.
12 млрд – футбол академиясының құрылысына, 6,5 млрд – өңірде балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуға жұмсалады екен.
«Академия Қарағанды облысының бұқаралық және кәсіби футболын дамытудың орталық нүктесі болуы тиіс. Орталықта балалар мен жасөспірімдер футболы, инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік бастамалар жүзеге асады», деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Академия 10 гектар аумақта салынады. Онда жабық манеж, жаттығу алаңдары, әкімшілік кешені, медициналық орталық, бассейн, асхана, жатақхана және инфрақұрылымы толық жылы дәліздер арқылы біріктіріледі. Ауласына воркаут-аймақ, саябақ және автотұрақ салынады.
Негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Айта кетейік, кеше, 24 қараша күні Астанада жоғалған оқушының денесі Есіл өзенінен табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық