Қазақстанның футбол клубтары қай бай-бағланның қолына өтеді?
Коллаж. Orda.kz
Қазақстанның футбол клубтары жеке қолға өтеді. Бұған дейін Тоқаев мемлекеттік қаржыландыруға шектеу қойылғанын, футболшылардың ақысы бюджеттен төленбейтінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов депутат Нартай Аралбайұлының сауалына жауап беріп, қазақстандық футбол клубтарын кімдердің сатып алуы мүмкін екенін айтты.
- «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ (Сергей Кан) «Қызыл-Жар» футбол клубын сатып ала алады;
- Freedom Finance (Тимур Турлов) «Шахтер» футбол клубы үшін стадион мен академия салғысы келеді;
- Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) «Жеңіс» футбол клубын сатып алуды және Астанада футбол инфрақұрылымын салуды көздеп отыр;
- TAU GROUP LTD (Ислам Қозыбақов) «Қайсар» футбол сатып алуды жоспарлап отыр.
Бектеновтің айтуынша, «Тараз», «Елімай» және «Ертіс» клубтары бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр екен.
Айта кетейік, 2025 жылы футболға 34,9 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 31,8 млрд қаржы кәсіби командаларға, ал 3,1 млрд қаржы балалар мен бұқаралық спортқа салыныпты.
Футбол саласына жасалған аудит нәтижесі бойынша, 100-ден астам заң бұзушылықтар анықталды. «Ақтөбе» және «Қызылжар» футбол клубтарына қатысты сыбайлас жемқорлық белгілері табылды. Ақтөбе облысының прокуратурасы ойыншыларға негізсіз берілген бонустар мен 250 млн теңгеден астам мақсатсыз жұмсалған қаржыны анықтады.
2026 жылдан бастап жаңа ережелер енгізіледі. Яғни, легионерлерді бюджет пен квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Әкімдіктер бір клубты қолдау үшін 500 АЕК (1 966 000 теңге) артық бөле алмайды. Шетелдіктерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынады.
Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап мемлекет балалар мен жасөспірімдер мектептерінің жаттықтырушыларына жалақыны 30%-ға өсіреді.
Айта кетейік, Астана соты 5 адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық