Оралдағы автосалонда төрт әйел биіктіктен құлап, жарақат алды
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Оралда қолдан жасалған көтергіш механизмнен төрт әйел құлап, жарақат алды. Оқиға 16 сәуір күні Орал қаласындағы Шолохов көшесінде орналасқан автосалон ғимаратында болған, деп хабарлайды Orda.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
БҚО ТЖД мәліметінше, жертөле мен екінші қабат арасында қатынау үшін қолданылатын көтергіш құрылғының тросы үзіліп кеткен. Соның салдарынан төрт әйел биіктіктен құлап, түрлі жарақат алған.
«Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері барып, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті және оларды жедел жәрдем көлігіне тиеуге көмектесті. Әртүрлі жарақат алған әйелдер қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұл жағдайға БҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде де түсініктеме берілді.
«Әйелдер қолдан жасалған көтергіш механизмнен құлаған. Толық мәліметтер әзірге анықталу үстінде. Тергеу 24 сәуірде басталып, 30 күн ішінде аяқталуы тиіс. Кешенді тексеріс жүргізіледі» , — деді департамент басшысының орынбасары Арман Тұйғынбетов.
Өңірлік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті 24 сәуірден бастап тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Тергеу ай соңына дейін аяқталуы тиіс.
Заңгер Ілияс Сәрсенғалиев «Орал апталығы» басылымына берген пікірінде зардап шеккендердің ауруханадан шығарылғанын, қазір үй жағдайында ем алып жатқанын айтты.
«Омыртқасы зақымданғандар бар, жүре алмайды. Жұмыс беруші оларға ешқандай өтемақы төлеген жоқ. Еңбек инспекциясының қорытындысын күтіп отырмыз. Әйелдерге өтемақы төленуі тиіс», — деді ол.
Оның айтуынша, автосалон өкілдері бұл құрылғы лифт болып саналмайтынын және адамдарды тасымалдауға арналмағанын мәлімдеген. Оны бұл мақсатта қолдануға қатаң тыйым салынған. Зардап шеккендердің не себепті көтергішке шыққанын тиісті органдар анықтап жатыр.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы әзірге нақты ақпарат берген жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Депутаттар қандай түйткілді сауал көтеріп жатыр?
- Әлемге танымал шахматшы Бибісараның анасы даулы мәлімдеме жасады
- Жалған мемлекеттік нөмір үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық