Әлемге танымал шахматшы Бибісараның анасы даулы мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/lianahakimofficial
Белгілі шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова Қазақстан шахмат федерациясын сынға алып, спортшылардың тұрақты жалақыдан қағылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Таңжарықованың айтуынша, Тимур Турлов басшылыққа келгеннен кейін спортшылар бұрынғы ай сайынғы еңбекақысынан толық айырылып, тек грантқа қарап қалған.
«Турлов келгенге дейін федерация спортшыларға жалақы төлейтін. Ересектерге көбірек, балаларға азырақ. Бұған қосымша гранттар да қарастырылған еді. Қазір тек гранттар қалды, оның өзі бұрынғыдан аз. Доллардың қазіргі курсын ескерсек, тіпті төмендеп кетті деуге болады», – дейді Таңжарықова.
Оның айтуынша, қазір әлем чемпионы, ұлттық құраманың үздік спортшыларының гранты 70 миллион теңге. Бұл қаражаттан 30 пайыз салық ұсталса, спортшының қолына жылына небәрі 49 миллион теңге ғана тиеді.
«Шын мәнінде, бұл 100 мың долларға да жетпейді. Ал енді осыған қосымша ешқандай стипендия не жалақы берілмейді», – деді Таңжарықова.
Спортшының анасы сыйақы мәселесінің де өте қиын екенін айтты. Ол Бибісараға тиесілі әрбір сыйақыны өзі арнайы талап етіп, дау-дамай, наразылықпен ғана ала алатынын жеткізді.
«Біз ешқашан сыйақыны оңай алып көрмеппіз. Федерациядан ешкім келіп: «Сіздер керемет жетістікке жеттіңіздер, марапат сіздерге тиесілі» деп айтқан емес. Әр сыйақыны мен айқай-шумен, дау-дамаймен алып жүрмін», – деді ол.
Таңжарықова бұған дейін үш жыл бұрын Турловты федерация басшысы ретінде қолдағанын да еске алды. Сол кезде Бибісараның командасы шахматты дамытуға бағытталған төрт жылдық нақты жоспар ұсынған.
Алайда Лондонда өткен жеке кездесуде Турлов «Мен миллиардер емеспін, барлық ақша компаниянікі, сондықтан бұл ұсыныстан бас тартамын», деп жауап беріпті.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы. 2026 жылы ол Претенденттер турнирінде екінші орын алған еді. Федерацияны басқаратын Тимур Турлов Forbes дерегі бойынша 6,3 миллиард доллар дәулетімен танымал тұлға.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Бибісара Асаубаеваны «Барыс орденімен» марапаттады
- Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік жанжалдасып қалды
- Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен шахмат турнирінде жеңіске жетті
- Бибісара Асаубаева Қазақстанның үздік шахматшысы атанды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық