«Отаныма разымын»: Шайдоров Қазақстан халқына ризашылығын білдірді
Фото: Сали Сабировтікі / ҚР ҰОК
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қазақстандықтарға арнап бейнеүндеу жариялап, қолдау көрсеткені үшін отандастарына зор ықыласпен алғысын білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы Қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанға алғашқы тарихи медаль сыйлаған спортшы өз үндеуін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
«Осы Олимпиада ойындарында мен үшін жанкүйер болған барлық қазақстандықтарға зор алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ мемлекет басшысына көрсеткен орасан зор қолдауы үшін ерекше алғыс айтамын. Мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Бауыржан Ералыға үлкен рақмет. Оның соңғы бір жылда мәнерлеп сырғанаудың дамуына қосылған үлесі зор. Осы қиын маусым бойы жанымнан табылған, осы сәтте қасымда болған барша мамандарға, жаттықтырушыларға және барлық қатысы бар жандарға шын жүректен алғыс айтқым келеді», — деді су жаңа чемпион.
Ол сондай-ақ трибунада, теледидар экраны алдында отырып қолдау білдірген, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жазба қалдырған барлық жанкүйерлерге жеке алғысын жеткізді.
Еске салақ, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылы Қысқы Олимпиада ойындарында Италияның Милан қаласында өткен жарыста чемпион атанды. Ол италиялық «Confessa» әні мен «Бесінші элемент» фильмінің композициясына, сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің вокалымен орындалған әуендерге құрылған әсерлі де тартымды еркін бағдарламасын мінсіз орындады.
Жеңістен кейін өз өнерін бағамдаған 21 жастағы спортшы соңына дейін Олимпиада чемпионы атанатынына сенбегенін мойындады. Оның айтуынша, бұл маусым өзі үшін өте ауыр өткен, маусым ортасында қысқа бағдарламасын өзгертіп, ал Олимпиада финалына бір күн қалғанда еркін бағдарламасын күрделендірген.
Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мен жанкүйерлер, танымал адамдар жас спортшының жетістігіне ерекше тәнті болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен бірінші болып құттықтады. Президент спортшыны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдап, сондай-ақ жаттықтырушылар штабына, Мәнерлеп сырғанау федерациясына және салалық министрлік басшылығына атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық